Индустриалды аймақтар

Индустриалды аймақ –жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік қызметі объектілерін, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы объектілерді орналастыру және қолдану үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте берілетін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ.

Қазіргі уақытта, Алматы облысында өңірлік маңызы бар үш индустриалды аймақ (ИА) жұмыс жасайды:

  • «Талдықорған» ИА, Талдықорған қ.;
  • «Қайрат» ИА, Талғар ауданы;
  • «Береке» ИА» Іле ауданы.

Құру мақсаты:

Өңірлік маңызы бар индустриалды аймақ өңірлерде кәсіпкерліктің дамуын инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Міндеттері:

1) өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару салаларында жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу;

2) жаңа өндірістер инфрақұрылымдарын құру және дамыту шығындарын оңтайландыру;

3) өндіріс тиімділігін арттыру;

4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.

 

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ИА БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯСЫ

 

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі «Арнайы экономикалық және индустриялдық аймақтар туралы» №242 заңының 58-бабы, 2-тармағына сәйкес, Алматы облысы әкімдігінің 09.01.2020 жылғы №5 Қаулысымен «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ келесі өңірлік маңызы бар мемлекеттік индустриалды аймақтардың басқару компаниясы болып анықталды: 1) «Талдықорған» ИА, Талдықорған қаласы; 2) «Қайрат» ИА, Талғар ауданы; 3) «Береке» ИА, Іле ауданы.

Индустриалды аймақтарды басқарушы компанияның функциялары:

1) мемлекеттік органдармен индустриялдық аймақтардың жұмыс жасау мәселелері бойынша өзара әрекет ету;

2) индустриялдық аймақ қатысушыларына жер телімдерін беру және инфрақұрылым объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) немесе қоса жалдауға (субаренда) беру;

3) қызмет жүргізу туралы шарттарды жасау және бұзу;

4) уәкілетті органға және бірыңғай үйлестіру орталығына, уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте, индустриялдық аймақ қатысушыларының тоқсан сайынғы есептерінің негізінде индустриялдық аймақтардың қызметтерінің нәтижелері туралы есептілікті тапсыру;

5) индустриялдық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын тарту;

6) инфрақұрылым объектілерінің құрылысына және индустриялдық аймақ қызметінің басқа да түрлерін жүргізу үшін инвестициялар тарту;

7) индустриялдық аумақ қатысушыларына берілмеген жер телімдерінде, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес, инфрақұрылым объектілерінің құрылысын жүргізу;

8) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «бір терезе» қағидасы бойынша және индустриялдық аймақтар қатысушыларына қызмет көрсететін басқа ұйымдардың жұмыс жасауы үшін қабылдау орындарын ұйымдастыру;

9) қызмет жүргізу шарттары талаптарының орындалу мониторингі;

10) индустриялдық аймақта жаңа өндірістерді құру бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу;

11) индустриялдық аймақтарды дамыту және алға жылжыту бойынша іс-шараларды жүргізу;

12) индустриылдық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын, өтінім берушілерді, индустриялдық аймақтар қатысушыларын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде индустриялдық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының, өтінім берушілерінің, индустриялдық аймақтар қатысушыларының мемлекеттік органдар, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру;

13) индустриялдық аймақта индустриялды-инновациялық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвестиция тарту;

14) индустриялдық аймақтардың әлеуетті қатысушыларымен, өтінім берушілерімен, индустриялдық аймақ қатысушыларымен өзара әрекет ету және «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс жүргізу;

15) коммуналдық, логистикалық және сервистік қызметтер көрсету;

16) мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі жобаларына қатысу;

17) бизнес-жоспарларды, технико-экономикалық негіздемелерді, жобалау-сметалық құжаттамаларын және басқа да жобалау құжаттамаларын әзірлеу қызметтерін көрсету;

18) индустриялдық аймақ аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу және индустриялдық аймаққатысушыларына сондай қызметтер көрсету;

19) индустриялдық аймақ аумағын абаттандыру және қалыпта ұстау жұмыстарын жүргізу;

20) индустриялдық аймақ қатысушыларын консалтингтік және маркетингтік қызметтерді көрсету;

21) индустриялдық аймақ аумағында тұрғызылатын инфрақұрылым және кәсіпкерлік қызмет объектілері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында техникалық қадағалауды жүргізу және инжинирингтік қызметтерді көрсету;

22) «бір терезе» қағидасын жүзеге асыру аясында, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мемлекеттік органдармен және басқа да қызметтерді алу кезінде басқа ұйымдармен өзара әрекет ету барысында индустриялдық аймақ қатысушыларының мүддесін білдіру;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына қашы келмейтін басқа да функциялар.

 

«ТАЛДЫҚОРҒАН» ИА

 

Ақпарат жаңартылуда.

 

«БЕРЕКЕ» ИА

 

Құрылған күні: «Береке» ИА Іле ауданында Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қазанындағы №533 қаулысымен құрылды.

Жұмыс жасау мерзімі: 09.01.2020 жылдан бастап, 25 жыл

«Береке» ИА-ның жалпы аумағы: _____ га.

 

«ҚАЙРАТ» ИА

 

Құрылған күні: «Қайрат» ИА Талғар ауданында Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қазандағы №418 қаулысымен құрылған.

Жұмыс жасау мерзімі: 09.01.2020 жылдан бастап, 25 жыл

«Қайрат» ИА-ның жалпы аумағы: 198.28 га.

 

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТІНДЕ ТІРКЕУ ТӘРТІБІ

 

Әлеуетті жеткізуші «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ-ға келесі құжаттарды ұсынады:

1.   Уәкілетті органмен бекітілетін нысандағы өтініш;

2.   Өтініш берушінің уәкілетті органмен бекітілетін нысандағы сауалнамасы;

3.   Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

4.   Өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5.   Заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

6.   Өтініш берушінің бірінші басшысымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен, сондай-ақ бас бухгалтермен (бухгалтерме) қол қойылған, соңғы есептік күнге арналған қаржы есептілігінің көшірмесі;

7.   Жобаның уәкілетті органмен бекітілген талаптарға сай келетін, технико-экономикалық негіздемесі;

8.   Қызмет көрсетуші банктен өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді жазба және несие бюросынан несие есебі;

9.   Тіркеулік есепке алу орны бойынша мемлекеттік кірістер органынан салықтар және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздың бар немесе жоқ екені туралы анықтама.

Өтініштерлі қарастыру әрекеті:

1.   «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ өтінішті өтініштерді тіркеу журналына тіркеуді жүргізеді;

2.   Ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын тексеруді жүргізеді;

3.   «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ өтініш берілген күннен он жұмыс күні ішінде, өтініш берушінің жобасы келесі талаптарға:

-    құжаттар пакеті толық болғанда;

-    өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімі болғанда;

-    өтініш берушілер жобаларын таңдау критерилеріне сай келген жағдайда қызмет жүргізу туралы шартты жасайды.

4.   «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ өтініш берушіге оның жобасы жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмеген жағдайда, қызмет жүргізу туралы шартты жасасудан бас тартады.  «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ қызмет жүргізу туралы шартты жасасудан бас тарту туралы шешімді, оны қабылдау негіздемесімен бірге, жазбаша түрде өтініш берушіге, өңірлік маңызы бар индустриялдық аймақ қатысушысы ретінде қызмет жүргізуге өтініш берген күннен он жұмыс күні ішінде жолдауы тиіс.

 

НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА