«Жерұйық Энерго» жел электр станциясы

ӘКК 2018 жылы “Еңбекшіқазақ ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясының құрылысы”жобасын іске асыру шеңберінде инвесторлар тартты.

Жобаны “Жерұйық Энерго”ЖШС жүзеге асырады.

Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 12,6 млрд. теңге мөлшерінде күтілуде, 15 жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Жобаны іске асыру үшін ӘКК Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан ауданы 1 111 га жер учаскесі пайдалануға берілгеннен кейін кейіннен сатып алынатын өтеусіз жалға берілді.

Қазіргі уақытта электр энергиясын сатуға “есептік қаржы орталығы” ЖШС-мен шарт жасалды, ЖСҚ әзірленді және сараптаманың оң қорытындысы алынды, жел турбиналары, әкімшілік ғимарат және ӘЖ үшін іргелі жастықтардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жел электр станциясын толық іске қосу 2022 жылдың қыркүйегінде жоспарланып отыр.