ПС «Кокозек» в Карасайском районе

“Жетісу” ӘКК Қарасай ауданындағы “Көкөзек” қосалқы станциясын салудың серіктесі болып табылады. Жоба Қарасай ауданы мен жақын маңдағы аудандардың тұрғындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Іске қосылғаннан кейін қосалқы станция өңірдегі ең заманауи энергетикалық объектілердің біріне айналады.

ӘКК 2019 жылы ауданы 1,9603 га жер учаскесін өтеусіз жалға берді. Қазіргі уақытта “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ-мен бірлесіп ЖСҚ түзетілді және “Мемсараптама” РМК оң қорытындысы алынды, сатып алу рәсімдері жүргізілді, ҚМЖ-ға шарт жасалды.

2022 жылға арналған жұмыс жоспары: Өрт сөндіру сорғы станциясы ғимаратының ҚМЖ, 10 кВ ӘЖ қайта құру, ЗРУ-10кВ монтаждау, іске қосу-жөндеу жұмыстары.

Нысанды пайдалануға беру 2022 жылдың төртінші тоқсанында жоспарланып отыр.