«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ (бұдан әрі –Қоғам) меншігінде коммерциялық үй-жайы: Талдықорған қ., «Самал» ш/а., 43 үй мекенжайы бойынша орналасқан ауданы 0,1424 га (үлесі – 214 ш.м.) жер учаскесі бар ауданы 149,7 ш. м. жұмыс істеп тұрған әлеуметтік дүкені бар (бұдан әрі – Дүкен).
Ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру және оны азық-түлік өнімдерімен қанықтыру үшін Қоғам «Әлеуметтік дүкенді ұйымдастыру және басқару» жобасын (бұдан әрі – Жоба) заңды тұлғаның қатысуынсыз бірлескен қызмет нысанында, бірлескен қызмет туралы шарт бойынша ұзақ мерзімді кезеңге дүкенді ұсыну бойынша мынадай шарттарда іске асырады:
Қоғам мен Серіктес арасында бірлескен қызмет туралы шарт жасалады. Осыған байланысты, Қоғам: Талдықорған қаласы, «Самал» ш/а, 43-үй мекенжайы бойынша бірлескен Жобаны іске асыруға әлеуетті әріптестерден өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.
Объектінің қысқаша сипаттамасы:
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 02 маусымға дейін қоса алғанда жүргізіледі, бұл ретте Қоғам өтінімдерді қабылдау кезеңін өз қалауы бойынша ұзарту құқығын өзіне қалдырады.
Қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі төменде бекітілген Инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу қағидаларында көрсетілген (№1 қосымша).
Алғашқы консультация алу үшін: Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі, 113, 4 қабат, каб.412 мекенжайы бойынша немесе телефондар бойынша: 8 (7282) 32 94 14 (ішкі 224) хабарласуға болады.