Миссия
Миссиясы – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жолымен Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдау көрсету:
Мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту мен қайта құрылымдау бойынша жобаларды әзірлеу мен іске асыру, олардың негізінде бәсекеге қабілетті өндірістер мен технологияларды дамыту
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен және жаңа технологияларды енгізу арқылы ауыл шаруашылығы, құрылыс, транспорт, металлургия салаларында кластерлер құрылуына жәрдемдесу
Әлеуметтік жобаларды құру мен іске асыруға қатысу
Берілген мемлекеттік меншіктегі активтерді тиімді басқару
Өңірде инновациялық қызметтің тұрақты дамуына жағдай жасау
Өңіраралық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру (жолдар, су таратқыштар, электр станциялар және т.б.)