Индустриалды аймақтар

Индустриалды аймақ –жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік қызметі объектілерін, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы объектілерді орналастыру және қолдану үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте берілетін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ.

Қазіргі уақытта, Алматы облысында өңірлік маңызы бар үш индустриалды аймақ (ИА) жұмыс жасайды:

  • «Талдықорған» ИА, Талдықорған қ.;
  • «Қайрат» ИА, Талғар ауданы;
  • «Береке» ИА» Іле ауданы.

Құру мақсаты:

Өңірлік маңызы бар индустриалды аймақ өңірлерде кәсіпкерліктің дамуын инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Міндеттері:

1) өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару салаларында жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу;

2) жаңа өндірістер инфрақұрылымдарын құру және дамыту шығындарын оңтайландыру;

3) өндіріс тиімділігін арттыру;

4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.

 

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ИА БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯСЫ

 

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес индустриялық аймақтардың операторы "Жетісу "ӘКК" ӨДИ" АҚ болып табылады»:

Индустриялық аймақтар операторының функцияларына мыналар жатады:

1) индустриялық аймақтарға қатысушыларды тарту;

2) инфрақұрылым объектілерін салу үшін инвестициялар тарту және индустриялық аймақты қаржыландыру мәселелерін шешу болып табылады;

3) инфрақұрылым объектілерін жер учаскелерін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) және жалға (қосалқы жалға) беру;

4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, бұзу және олардың талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу;

5) индустриялық аймақтың қызметін қамтамасыз ету және қолдау болып табылады.

 

«ТАЛДЫҚОРҒАН» ИА

 

Ақпарат жаңартылуда.

 

«БЕРЕКЕ» ИА

 

Құрылған күні: «Береке» ИА Іле ауданында Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қазанындағы №533 қаулысымен құрылды.

Жұмыс жасау мерзімі: 09.01.2020 жылдан бастап, 25 жыл

«Береке» ИА-ның жалпы аумағы: _____ га.

 

«ҚАЙРАТ» ИА

 

Құрылған күні: «Қайрат» ИА Талғар ауданында Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қазандағы №418 қаулысымен құрылған.

Жұмыс жасау мерзімі: 09.01.2020 жылдан бастап, 25 жыл

«Қайрат» ИА-ның жалпы аумағы: 198.28 га.

 

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТІНДЕ ТІРКЕУ ТӘРТІБІ

 

Әлеуетті жеткізуші «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ-ға келесі құжаттарды ұсынады:

1.   Уәкілетті органмен бекітілетін нысандағы өтініш;

2.   Өтініш берушінің уәкілетті органмен бекітілетін нысандағы сауалнамасы;

3.   Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

4.   Өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5.   Заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

6.   Өтініш берушінің бірінші басшысымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен, сондай-ақ бас бухгалтермен (бухгалтерме) қол қойылған, соңғы есептік күнге арналған қаржы есептілігінің көшірмесі;

7.   Жобаның уәкілетті органмен бекітілген талаптарға сай келетін, технико-экономикалық негіздемесі;

8.   Қызмет көрсетуші банктен өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді жазба және несие бюросынан несие есебі;

9.   Тіркеулік есепке алу орны бойынша мемлекеттік кірістер органынан салықтар және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздың бар немесе жоқ екені туралы анықтама.

Өтініштерлі қарастыру әрекеті:

1.   «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ өтінішті өтініштерді тіркеу журналына тіркеуді жүргізеді;

2.   Ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын тексеруді жүргізеді;

3.   «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ өтініш берілген күннен он жұмыс күні ішінде, өтініш берушінің жобасы келесі талаптарға:

-    құжаттар пакеті толық болғанда;

-    өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімі болғанда;

-    өтініш берушілер жобаларын таңдау критерилеріне сай келген жағдайда қызмет жүргізу туралы шартты жасайды.

4.   «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ өтініш берушіге оның жобасы жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмеген жағдайда, қызмет жүргізу туралы шартты жасасудан бас тартады.  «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ қызмет жүргізу туралы шартты жасасудан бас тарту туралы шешімді, оны қабылдау негіздемесімен бірге, жазбаша түрде өтініш берушіге, өңірлік маңызы бар индустриялдық аймақ қатысушысы ретінде қызмет жүргізуге өтініш берген күннен он жұмыс күні ішінде жолдауы тиіс.

 

НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА