«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларын (бұдан әрі – ӘМАТ) Жетісу облысының азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына сатып алу мақсатында тауар өндірушілерден және ӘМАТ көтерме жеткізушілерінен (дистрибьюторлардан) келесі тауарларды жеткізуге коммерциялық ұсыныстар қабылдайды:
– Жеткізілуі, сақтауы (қажет болған жағдайда), буып-түюі мен тиеп/түсіруі, ҚҚС есепке алғандығы бойынша шығындарды ескере отырып, килограмына 230 теңгеден аспайтын 65,0 тонна мөлшерінде қарақұмық жармасы;
– жеткізілуі, сақтауы (қажет болған жағдайда), буып-түюі мен тиеп/түсіруі, ҚҚС есепке алғандығы бойынша шығындарды ескере отырып, килограмына 1 144 теңгеден аспайтын 3,0 тонна мөлшерінде тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік);
– жеткізілуі, сақтауы (қажет болған жағдайда), буып-түюі мен тиеп/түсіруі, ҚҚС есепке алғандығы бойынша шығындарды ескере отырып, килограмына 73 теңгеден аспайтын 5,0 тонна мөлшерінде ас тұзы.
Өтінімдер қабылданады:
Коммерциялық ұсыныс қағаз жеткізгіште Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі, 113 мекенжайы бойынша Қоғамның кеңсесіне немесе электрондық түрде электрондық поштаға ұсынылады 7su@spk-jetisu.kz.
Анықтама телефоны: 8 (7282) 32 94 97, 8 (7282) 32 97 20.
Коммерциялық ұсыныстарды қабылдау 2024 жылдың 03 маусымға дейін, қоса алғанға дейін жүзеге асырылады.