2021 жылдың сәуір айында Талдықорған қаласында Алматы облысы әкімдігінің және “Жетісу” ӘКК қолдауымен көп балалы және аз қамтылған аналарға арналған “Asyl Analar”тігін цехы ашылды. Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы облыс әкімі Амандық Баталовтың “Asyl Analar” қоғамдық қорының өкілдерімен осы жылдың ақпан айында өткен кездесуінің көрнекі нәтижесі болды. Сол кезде облыс әкімі көп балалы аналарға цех ашуға, қолайлы ғимарат іздеуге, тігін және басқа да қажетті жабдықтарды сатып алуға көмек көрсетуге уәде берді.

“Жетісу” ӘКК “РИР” ақ тапсырмасын орындау аясында тігін цехын орналастыру үшін қалада ыңғайлы локациясы бар үй-жай таңдалды. Демеушілік қаражат есебінен тігін кәсіпорнының толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті жабдықтарды толық жабдықтаумен жөндеу жұмыстары жүргізілді. ӘКК 21 бірлік жабдықты, оның ішінде әлемдік “Jack”бренді өндірген 12 заманауи өнеркәсіптік тігін жабдығын сатып алды және қаржылық лизингке берді.
Цех қаланың коммуналдық қызметтері мен жеке ұйымдар үшін арнайы киім тігуден басталды. Қазіргі уақытта кәсіпорын мектеп формасын, әйелдер және ерлер киімін тігумен айналысуды жоспарлап отыр.

​Цехта көп балалы аналар жұмыспен қамтамасыз етілді. Кәсіпорын әлеуметтік осал отбасылардың өмір сүру сапасын арттыруға және олардың экономикалық дербестігін нығайтуға бағытталған.