«Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі 66, Абай көшесінің қиылысында орналасқан нысанда «Тауар өндірушілерге арналған сауда үйінің құрылысы» бірлескен жобасын іске асыруға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарлайды.

Нысанның қысқаша сипаттамасы:

  • Жер учаскесінің жалпы ауданы: 0,3758 га
  • Кадастрлық нөмірі: 03-268-030-882
  • Жеке меншік құқығында
  • Нысаналы мақсаты: ғимараттарға қызмет көрсету (ғимарат және құрылыс)

Серіктестік нысаны (ынтымақтастық моделі) әлі анықталған жоқ, қоғам ұсыныстарды қарастыруға дайын.

Алғашқы консультация алу үшін келесі мекенжай бойыншка келуге болады: Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі 113, 4 қабат, 401-402 каб. немесе келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады:

8 (7282) 32 97 20 (Ішкі № 226, 234).