«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларын (бұдан әрі – ӘМАТ) Жетісу облысының азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына 2026 жылдың қазанынан 2027 жылдың сәуірін қоса алған маусымаралық кезеңге, кепілмен қамтамасыз ету талабымен, форвардтық сатып алу мақсатында тауар өндірушілерден шарт сомасынан 70%-дан аспайтын көлемде алдын ала төлем шартымен, келесі тауарларды жеткізуге коммерциялық ұсыныстар қабылдайды:
1. Басты пияз – ҚҚС есептемегенде, жеткізумен келісіне 76 теңгеден аспайтын бағада 323,0 тонна көлемде;
2. Сәбіз – ҚҚС есептемегенде, жеткізумен келісіне 204 теңгеден аспайтын бағада 785,0 тонна көлемде.
Өтінімдер қабылданады:
Коммерциялық ұсыныс қағаз жеткізгіште Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі, 113 мекенжайы бойынша Қоғамның кеңсесіне немесе электрондық түрде электрондық поштаға ұсынылады 7su@spk-jetisu.kz.
Анықтама телефоны: 8 (7282) 32 94 97, 8 (7282) 32 97 20.
Коммерциялық ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 15 сәуірін қоса алғанға дейін жүзеге асырылады.