Тапсырма Шарттары шеңберінде әрекет ететін “Жетісу “әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” Өңірлік даму институты ” акционерлік қоғамы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жеңілдікті кредиттеу бағдарламасын іске асыру жөніндегі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын «Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №322 бұйрығына сәйкес орындайды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төмендетілген мөлшерлеме бойынша жеңілдікті кредиттер беру тетігі саланы дамытуға және жаңғыртуға, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және ел экономикасының жалпы қосылған құнын ұлғайтуға бағытталған Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың негізгі шараларының бірі болып табылады.
2023 жылы кредиттеу бағдарламасын іске асыруға 2 000,0 млн теңге бөлінді. АӨК саласындағы жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі қарыз алушыларға жеңілдетілген қарыз беру туралы оң шешім қабылданды:
| № | Қарыз алушы | Несие сомасы, млн. теңге | Нысаналы мақсаты | Мәртебесі |
| 1 | «Тау Самал» ЖШС (Алакөл ауданы) | 816, 82 | МТФ кеңейту (473 ІҚМ және технологиялық жабдық сатып алынды) | жобаны іске асыру аяқталды |
| 2 | «Тастөбе Агро Фуд» ЖШС (Қаратал ауданы) | 607, 40 | МТФ кеңейту (515 ІҚМ сатып алынды) | жобаны іске асыру аяқталды |
| 3 | «Тәуелсіздік» ЖШС (Ескелді ауданы) | 502,88 | МТФ кеңейту (203 ІҚМ және технологиялық жабдық сатып алынды) | жобаны іске асыру аяқталды |
2024 жылы кредиттеуге 7 000,0 млн теңге бөлінді, Жетісу облысы бойынша АӨК саласындағы жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия келесі қарыз алушыларға АӨК саласындағы жобаларға жеңілдетілген қарыз беру туралы шешім қабылдады:
| № | Қарыз алушы | Несие сомасы, млн. теңге | Нысаналы мақсаты | Мәртебесі |
| 1 | «Көктал-Агро» ЖШС (Панфилов ауданы) | 979,55 | 387 га алаңда тамшылатып суару жүйесін құру үшін ұзындығы 11 726 м суағар салу. | жобаны іске асыру аяқталды |
| 2 | «Текелі Адго Servis» ЖШС (Қаратал ауданы) | 260,0 | 300 га аумақта тамшылатып суару жүйесін құру. | жоба іске асыру сатысында |
| 3 | «Нам» ШҚ (Ескелді ауданы) | 190,0 | 48 га алаңда жерасты тамшылатып суару жүйесін құру. | жобаны іске асыру аяқталды |
| 4 | «Агрохолдинг-Жетісу» ЖШС (Кербұлақ ауданы) | 3 080, 77 | 1099 га аумақта жаңбырлатып суару жүйесін құру. | жобаны іске асыру аяқталды |
| 5 | «Арқарлы Майбурек» ЖШС (Алакөл ауданы) | 1 000,0 | 880 га аумақта 20 жаңбырлату қондырғысы арқылы жаңбырлатып суару жүйесін құру | жобаны іске асыру аяқталды |
| 6 | «Сейтханов М. К.»ЖК (Талдықорған қ.) | 75,19 | 100 тоннаға дейін тауарлық балық акваөсіру өндірісін құру және жылына 11 млн данаға дейін шабақ сату | жобаны іске асыру аяқталды |
| 7 | «Агрохолдинг-Жетісу» ЖШС (Кербұлақ ауданы) | 1 414,4 | 5 жаңбырлату қондырғысы арқылы 343,51 га аумақта жаңбырлатып суару жүйесін құру | жобаны іске асыру аяқталды |
2025 жылы кредиттеуге 1 500,0 млн теңге бөлінді, Жетісу облысы бойынша АӨК саласындағы жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия келесі қарыз алушыларға АӨК саласындағы жобаларға жеңілдетілген қарыз беру туралы шешім қабылдады:
| № | Қарыз алушы | Несие сомасы, млн. теңге | Нысаналы мақсаты | Мәртебесі |
| 1 | «Қайыңды» ЖШС (Алакөл ауданы) | 650,0 | Шұжық өнімдерін, бұқтырылған өнімдерді және тұшпараларды өндіру | жоба іске асыру сатысында |
| 2 | «Pana Industries»ЖШС (Алакөл ауданы) | 850,0 | Малы бар қой шаруашылығын құру 5 000 бас | жоба іске асыру сатысында |


ТастөбеАгроФуд ЖШС


ТАУ САМАЛ ЛТД ЖШС


Тәуелсіздік ЖШС


Агрохолдинг Жетісу ЖШС


Архарлы Майбуйрек ЖШС


Көктал Агро ЖШС


НАМ ШҚ


Сейтханов М.К жеке кәсіпкер