Егер сізде Алматы облысын индустриялық-инновациялық дамытуға бағытталған қызықты бизнес-идеяңыз болса, бірақ оны іске асыру үшін мүмкіндіктер жеткілікті болмаса, "Жетісу "ӘКК" ӨДИ" АҚ Сіздің барлық ұсыныстарыңызды қарауға және қолда бар активтерге жер учаскелерін беру арқылы оларды іске асыруға көмек көрсетуге дайын.
1. Өтінімді тіркеу
ӘКК өтінішті өтініштерді тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады;
2. Құжаттарды тексеру
ӘКК ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттар белгіленген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда ӘКК өтінішті ол берілген күні қарамай қайтарады. Өтінішті қайтару әлеуетті инвесторды кемшіліктер жойылғаннан кейін ӘКК-ге қайта жүгіну құқығынан айырмайды;
3. Құжаттарды қарастыру
Өтініш берушінің инвестициялық жоба бойынша құжаттарын қарау ӘКК құрылымдық бөлімшелерінің заңдық және экономикалық талдау жүргізуі арқылы жүзеге асырылады;
4. ҚЭН әзірлеу
Қажет болған жағдайда ӘКК құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік органдардан тиісті қорытындыларды ала отырып, инвестициялық ұсынысты және жобаның қаржы-экономикалық негіздемесін (ҚЭН) әзірлейді;
5.ӘКК Басқармасында қарастыру
Жоғарыда көрсетілген қорытындыларды алғаннан кейін ӘКК-нің салалық құрылымдық бөлімшесі мәселені басқарма мен ӘКК уәкілетті органының қарауына шығарады. Өтініштерді қараудың жалпы мерзімі тіркеу журналында тіркелген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспауға тиіс;
6. Келісім-шарт жасау
ӘКК Басқармасы мен Директорлар кеңесінің оң шешімінен кейін өтініш берушімен тиісті шарт жасалады.
Жобаға өтінім беру үшін төмендегі өтінімді толтырып, қажетті құжаттарды тіркеу керек
Важно! Чтобы отправить весь пакет документов, необходимо заархивировать все документы в формате zip или rar и загрузить в раздел «Перечень документов».
Құжаттар: