Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу үшін мемлекет құрған тетіктердің бірі жеңілдікті несие беру және азық-түлік өнімдерін сатып алу және өткізу арқылы өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы қаулысына сәйкес «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ осы саладағы қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым болып табылады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Комиссия қалыптастырылады, ол тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін айқындайды, сондай-ақ жеңілдікті қарыз алуға өтінім берген кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін бекітеді. Комиссия құрамына қоғамдық ұйымдардың мүшелері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері және мемлекеттік басқармалардың қызметкерлері кіреді.

Тұрақтандыру қоры «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы қаулысымен бекітілген 19 атаудан тұратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінен қалыптастырылады.

Ағымдағы күнге Жетісу облысы бойынша бағаны тұрақтандыру тетіктері бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы 4 000 млн. теңгені құрайды, оның ішінде тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 1 180 млн.теңге және кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен несие беруге 2 820 млн. теңге.

Тұрақтандыру қоры

Жетісу облысының тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін ҚР Үкіметінің резервінен 1 000 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 180 млн. теңге бөлінді.

Азық-түлік тұрақтандыру қорына бөлінген қаражатқа 1 125,7 млн. теңге сомасына 3 318,5 тонна өнім көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатып алынды:

– «АзияАгроФуд» АҚ-дан (Қарасай ауданы) 68 тонна көлемінде 1-сұрыпты бидай ұны;

– «Көксу қант зауыты» ЖШС-дан (Көксу ауданы) 2 190,5 тонна көлемінде қант;

– «ПК-Динара» ЖШС-дан (Балқаш ауданы) 70 тонна көлемінде күріш;

– «Хильниченко В.П.» ШҚ-дан (Ескелді ауданы) 29,5 тонна көлемінде рожки;

– «Өскемен май зауыты» ЖШС-дан (ШҚО) 55,5 мың литр көлемінде күнбағыс майы;

– «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-дан (Павлодар облысы) 69,7 тонна көлемінде қарақұмық жармасы;

– «Баянбай Байболат» ЖК-ден және «Агросервис Аққу» ЖШС-дан (Текелі қ. және Павлодар облысы) 736,0 тонна көлемінде картоп;

– «Агросервис Аққу» ЖШС-дан (Павлодар облысы) 169,0 тонна көлемінде сәбіз сатып алынды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тұрақтандыру қорынан белгіленген бағамен, нарықтық бағадан төмен сатылады. Тұрақтандыру қорының тауарларын сату ӘКК сауда нүктелерінде халыққа жүзеге асырылады, сондай-ақ «әлеуметтік бұрыштар» арқылы облыстың қалалары мен аудандарының сауда объектілерінде агенттік келісімдер бойынша сатылады.

Жеңілдетілген несиелеу

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тежеудің екінші тетігі бойынша ӘКК кәсіпкерлерге «айналым схемасы» бойынша жеңілдетілген несиелер беруді жүзеге асырады.

Бұл тетікке кәсіпкерлік субъектілері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушілер және өткізуді жүзеге асыратын сауда нүктелері қатыса алады.

Негізгі шарт – өз өнімдерін белгіленген бағамен сату.

Ағымдағы күнге 17 кәсіпкерлік субъектісіне 1 841,3 млн. теңгеге, оның ішінде 13 тауар өндірушіге 1 747,4 млн. теңгеге және 4 Сауда субъектісіне 93,9 млн. теңгеге жеңілдетілген несиелер берілді.

Осы бағаны тежеу құралын іске асыру кезінде ӘКК өндірушілер мен ішкі сауда субъектілері арасындағы байланыстырушы буын рөлін атқарады, осыған байланысты делдалдар тізбегін айналып өтіп, өнім тікелей сауда сөрелеріне түседі.

Негізгі шарттар:

Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 0,01%!

Қатысушылар: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын шығаратын және өткізетін өндірушілер мен сауда объектілері (Жетісу облысының аудандарындағы сауда объектілері).

Мақсаты
Қарыз ӘМАТ сатып алуды жүзеге асыруға ақша қаражатын мақсатты пайдалана отырып, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, ақылылық шарттарында бөлінеді;

Міндеттері
Кәсіпкерлік субъектілерінің ӘМАТ-ты сатуы қарыз шарттарының қолданылу мерзіміне тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның шешімі негізінде ӘМАТ-та тіркелген бағалардан аспайтын бағалар бойынша жүргізілсін;

Өтінім беру
Кәсіпкерлік субъектісі қарыз алуға өтінімді “Жетісу” ӘКК РИР ” АҚ-ға береді және оны кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия айқындайды;

Мерзімі, % мөлшерлеме
Қарыз мерзімі шарт жасалған сәттен бастап жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен, негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша шарттың қолданылу мерзімінің соңында Бірыңғай төлеммен төлеу кезеңімен 12 айға, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету банк кепілдігі немесе қатты өтімді кепіл (жылжымайтын мүлік) түрінде ұсынылады;

Ескертпе
Мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға қарыз берілмейді.
Анықтама телефоны: 8 (7282) 32 94 97, 8 (7282) 32 97 20