«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ (әрі қарай – Қоғам) төмендегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы Қоғамның қатысу үлестерін сату бойынша сауда өткізу туралы хабарлайды:
Сауда нысаны – электрондық аукцион. Аукцион 2024 жылғы 10 қырқүйек сағат 11.00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізіледі. Аукционға қатысу үшін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында саудаға қатысуға өтінім беру және кепілдемелік салымды төлеу қажет. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында хабарлама тізілімнің веб-порталында жарияланған күнінен (13 тамыздан) бастап жүзеге асырылады және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.