«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ (әрі қарай – Қоғам) «Golden Steppe» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы Қоғамның қатысу үлесін сату бойынша сауда өткізу туралы хабарлайды:
Сауда нысаны – бағаны төмендетуге арналған электрондық аукцион әдісі. Аукцион 2023 жылғы 12 қыркүйек сағат 11.00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізіледі. Аукционға қатысу үшін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында саудаға қатысуға өтінім беру және кепілдемелік салымды төлеу қажет. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында хабарлама тізілімнің веб-порталында жарияланған күнінен (17 тамыздан) бастап жүзеге асырылады және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.
Кепілдемелік салымды аударуға арналған деректемелер:
Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ; БСН: 050540004455.
Есеп-шот (IBAN/ЖСК) «Қазақстанның халық банкі» АҚ-да: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX; ТБК: 171; Кбе: 16.