Құрметті Алматы облысының кәсіпкерлері!

“Жетісу “әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” Өңірлік даму институты “акционерлік қоғамы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын шығаратын және өткізетін Алматы облысының өндірушілері мен сауда объектілеріне жеңілдікпен кредит беруге өтінімдер қабылдауды жалғастыруда.

Несие сомасы: 5 млн теңгеден жоғары.
Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 0,01%.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ)бағасының өсуін тежеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын шығаратын және өткізетін Алматы облысының өндірушілері мен сауда объектілеріне қарыз берудің негізгі шарттары:

1.Қарыз ӘМАТ сатып алуды жүзеге асыруға ақша қаражатын мақсатты пайдалана отырып, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, ақылылық шарттарында бөлінеді;

2. Кәсіпкерлік субъектілерінің ӘМАТ-ты сатуды қарыз шарттарының қолданылу мерзіміне тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның шешімі негізінде ӘМАТ-та тіркелген бағалардан аспайтын бағалар бойынша жүргізсін;

3. Кәсіпкерлік субъектісі қарыз алуға өтінімді “Жетісу” ӘКК РИР ” АҚ-ға береді және оны кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия айқындайды;

4. Қарыз мерзімі шарт жасалған сәттен бастап жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен, шарттың қолданылу мерзімінің соңында негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша бірыңғай төлеммен төлеу кезеңімен 12 айға, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету банктік кепілдік түрінде беріледі;

5. Мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға қарыз берілмейді.

Анықтама телефоны: 8 (7282) 32 94 97, 8 (7282) 32 97