«Әмбебап базар, ТЖО, өз-өзіне қызмет көрсететін авто жуу, дөңгелек жөндеу және қоғамдық тамақтану орталықтарының құрылысы»

 «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Талдықорған қаласы, Гауһар ана к-сі, 66, Абай көшесінің қиылысы мекен жайында орналасқан «Әмбебап базар (күрделі құрылыссыз), ТЖО, өз-өзіне қызмет көрсететін авто жуу, дөңгелек жөндеу және қоғамдық тамақтану орталықтарының және т.б. құрылысы» бірлескен жобасына қатысуға өтінімдер қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

Ұысынылатын барлық жобалар қарастырылады.

Нысанның қысқаша сипаттамасы:

  • Жер телімінің жалпы ауданы:  0,3758 га.
  • Кадастрлық нөмірі: 03-268-030-882.
  • Жеке меншік құқығында.
  • Нысаналы бағыты: ғимараттарға (құрылыстар мен үй-жайларға) қызмет көрсету.
  • Барлық коммуникациялық инфрақұрылым (элект қуаты, сумен қамту, жылу, су ағызғы, байланыс және т.б.) қол жетімді.

Алғашқы консультация алу үшін Талдықорған қаласы, Абылайхан к-сі, 113, 4-қабат, 401-402 кабинетке, не 8 (7282) 32 97 20 (ішкі 226, 234) телефондары бойынша хабарласа аласыздар.

Қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі “Жетісу” ӘКК” ӨДИ” АҚ инвестициялық жобаларын қарау мен іріктеудің бекітілген қағидаларында көрсетілген (№1 қосымша).