Қазақстанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру идеясы еліміздің Тұңғыш Президентіне тиесілі. Дамыған елдермен ұқсастық бойынша бірқатар мемлекеттік активтерді біріктірген және жергілікті жерлерде бизнес бастамаларды дамытуға арналған компаниялар құрылды.

Жетісу әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы “Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №320 Жарлығымен құрылды. 2018 жылдың қараша айында “Жетісу “әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы “Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы “Жетісу “әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы “Өңірлік даму институты”акционерлік қоғамы болып қайта аталды.

Алматы облысының әкімдігі “Жетісу” ӘКК-нің жалғыз акционері болып табылады.

“Жетісу “ӘКК “РИР” АҚ құрылтайшысы “Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы”ММ тұлғасында Алматы облысының әкімдігі болып табылады.

< strong>Корпорация қызметінің басты қағидаттары-тиімділік, бәсекеге қабілеттілік, инвестициялық тартымдылық, акционерлер мен серіктестердің мүдделерін теңгерімді сақтау.

Қызметтің маңызды бағыттары инновациялық, өндірістік және өңдеуші кәсіпорындарға инвестициялау, венчурлік стартаптарды қаржыландыру болып табылады. Сайт корпорация қызметі туралы, біздің іскер серіктестеріміз, жобаларымыз бен әлеуметтік бағыттарымыз туралы объективті әрі нақты ақпарат ұсынады.