«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» АҚ «Талдықорған қаласында көкөніс қоймасын жаңарту» жобасын бірлесіп жүзеге асыру үшін әлеуетті серіктеске іріктеу жүргізу және анықтау басталғаны туралы хабарлайды.

Объект туралы ақпарат

  1. Орналасқан жері: Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, 150-құрылыс (айналма тас жолы бойында).
  2. Объектілердің болуы: металл ангарлар, жеміс қоймасы, суық қойма (суреті қосымшада).
  3. Көкөніс қоймасының қажетті қуаты: 3500 тонна жеміс-көкөніс өнімдері.

Серіктестікті іріктеу критерилері

Серіктес келесі критерилерге сай болуы тиіс:

1)  төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы (ағымдағы шығындарды, сондай-ақ қаржылық міндеттемелерді өтеуге мүмкіндік беретін кірістің болуы);

2)  қаржыландыруға өтінім беру/қарастыру күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі кешіктірілген берешектің болмауы;

3)  соңғы есептік күнге (өтінім берген ағымдағы ай) ЕДБ мен басқа қаржы институттарының алдында мерзімі кешіктірілген берешектің болмауы;

4)  қаржыландыруға жол беретін несие тарихы (несие тарихы болған жағдайда);

5) таратылуға (ерікті, мәжбүрлі) жатпауы тиіс.

Қызығушылық танытқан жағдайда, ерікті нысандағы өтінімді Талдықорған қаласы, Абылайхан к-сі, 113 мекен жайы бойынша, e-mail: 7su@spk-jetisu.kz электрондық поштаға жолдауларыңызды сұраймыз.

Өтінімдерді қабылдау 15 маусымды қоса алған мерзімге дейін жүргізіледі.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды келесі телефон нөмірі бойынша алуға болады: 8 (7282) 32 97 20 (ішкі 267).