Жетісу облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерді жеңілдікпен несиелендіруге өтініштер қабылдау ашық.

         «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тежеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (әрі қарай – ӘМАТ) өндірушілерін жеңілдікпен несиелендіруге өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда.

         ӘМАТ бағаларының өсуін тежеу мақсатында кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз берудің негізгі талаптары:

1) қарыз қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарында, тауарларды белгіленген бағада өткізу жөніндегі жауапты міндеттемесімен қарыз шартын жасау арқылы беріледі;

2) қарыз мерзімі шарт жасаған сәттен 12 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01%, негізгі қарыз және/немесе сыйақы бойынша төлемді шарттың әрекет ету мерзімінің соңында бір төлеммен төлеу кезеңімен, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету кепіл, банктік кепілдеме, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдігі/кепілгерлігі түрінде беріледі;

3) қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.

         Кәсіпкерлік субъектілері үшін ӘМАТ-қа белгіленген баға келесідей қалыптастырылады:

1) тауар өндірушілер үшін ӘМАТ өндірісі, сақтау, табиғи кемуі (кебуі, шайқалуы және т.б.), межелі орнына дейін жеткізу шығындарын және өзіндік құнынан 10% аспайтын маржалық табысты ескерумен;

2) сауда субъектілері үшін ӘМАТ-ты сатып алу бағасын, логистиканы, сақтау, табиғи кемуі (кебуі, шайқалуы және т.б.), межелі орнына дейін жеткізу шығындарын және өзіндік құнынан 10% аспайтын маржалық табысты ескерумен.

Осы орайда, ӘМАТ бағаларының калкуляциясының шынайылылығына жауапкершілікті кәсіпкерлік субъектісінің өзі көтереді.

Тіркелген баға кәсіпкерлік субъектісінің өтініші бойынша тоқсанына бір реттен жиі емес қайта қаралуы мүмкін.

         Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз алу үшін қойылатын негізгі талаптар (критерилер):

1) Кәсіпкерлік субъектілерінің меншігінде не жалдау құқығында қарыз шартының әрекет ету мерзіміне ӘМАТ-ты тиісінше өндіруге, өткізуге арналған, арнайы жабдығы бар қойма құрылыстары мен басқа да орынжайлардан тұратын, өндірістік немесе сауда-логистикалық инфрақұрылымы болуы тиіс. ӘМАТ-ты белгіленген бағалар бойынша өткізуы тиіс;

2) кәсіпкерлік субъектілері өтінімді қарастыру сәтінде банкроттық немесе таратылу сатысында болмауы тиіс;

3) кәсіпкерлік субъектілері өтінімді қарастыру сәтінде адал емес жеткізушілер тізімінде болмауы тиіс;

4) кәсіпкерлік субъектілері, міндетті түрде Қоғамға қарызды қайтару жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету кепіл, банктік кепілдеме, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдігі/кепілгерлігі түрінде ұсынылады. Осы ретте, қарыз сомасы өтімділік коэффициентін қолдануды ескерумен, кепілдің бағалау құнынан аспауы тиіс;

5) салықтық берешегі болмауы тиіс;

6) Қоғам, екінші деңгейлі банктердің және басқа да қаржы институттарының алдында мерзімі кешіктірілген берешегі болмауы тиіс;

7) әлеуетті серіктестің қызметіне, кепіл ретінде ұсынылып отырған мүлікке теріс әсер етуі мүмкін сот талқылауларында болмауы тиіс;

8) Қоғам қосымша талаптар қарастыруы мүмкін.

         Ескертпе: Көкөністер (картоп, сәбіз, түйінді пияз, ақбас қырыққабат) бойынша келісім-шарттау Жетісу облысының қала халқының қажеттілігінен 15% шегінде қалыптастырылады.

   Өтініш нысаны және құжаттар тізбесі қоса тіркеледі (сілтеме).

Анықтамалар алуға арналған телефон нөмірі: 8 (7282) 32 94 97, 8 (7282) 32 97 20