«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ Ішкі аудит қызметінің бас менеджері бос орынға үміткер іздестіретіндігін хабарлайды

Лауазымдық міндеттері:
ұйым қызметіне тексеру жүргізуде;
бизнестің түрлі аспектілерімен байланысты бухгалтерлік қызметтер
көрсетеді;
меншік нысанына қарамастан, ұйымнық қаржылық қызметіне талдау
жүргізеді;
бухгалтерлік құжаттар мен есептіліктерге тексеру жүргізеді, олардың
шынайылылығын бағалайды, сондай-ақ жасалатын қаржы операцияларының
заңдылығына, олардың заңнамалық және басқа нормативтік актілерге
сәйкестігіне, салық салудың белгіленген тәртібінің сақталуына ішкі және сыртқы
бақылау жүргізеді;
айыппұл және басқа да жазаға алып келуі, пайданың азаюына және ұйым
абыройына теріс әсер етуі мүмкін дұрыс есептемеулер мен қателердің алдын алу
мақсатында қажетті ұсыныстар береді;
қаржы-шаруашылық қызмет, бухгалтерлік есептеме, салық салу мәселелері
бойынша, заңсыз берілген шағымдарды даулаудың қолданыстағы тәртібі және
оның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша кеңес береді;
сот органдарында төлем қабілетсіздік (дәрменсіздік) туралы талап-
арыздарды қарастыруға қатысады;
нормативтік құқықтық құжаттардағы өзгертулер мен толықтыруларды
қадағалап отырады.

Төмендегілерді білуі тиіс:
ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық, басқа да
нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік және нормативтік-техникалық
материалдарды;
шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін, экономиканы дамытудың
заңдылықтары мен ерекшеліктерін;
қаржы есептілігі мен аудиттің халықаралық стандарттарын, салық есептілігі
мен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламаларын;
қаржы, салық және шаруашылық заңнамаларын, бухгалтерлік есепті жүргізу
және есептілікті жасау тәртібін;
ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін талдау әдістерін;
тексерулер мен құжаттамалық тексерулерді жүргізу тәртібін;
ақша айналымын, несие, баға құру тәртібін;
заңды және жеке тұлғаларға салық салу мәселелерін;
бизнесті ұйымдастыру және жүргізу тәртібін, іскерлік қарым-қатынас
этикасын;
қаржы операцияларын рәсімдеу және құжат айналымын ұйымдастыру
тәртібін;
есеп пен есептіліктің қолданыстағы нысандары;
экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздерін;
еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібін, қауіпсіздік және еңбекті қорғау,
өндірістік санитария ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын.

Біліктілікке қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары қаржылық, экономикалық немесе заңгерлік және төменде
көрсетілген сертификаттар мен дипломдарының бірі болуы тиіс:
Қазақстан Республикасының аудиторы;
Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері;
ішкі аудитордың халықаралық дипломдары немесе сертификаттары;
САР немесе СІРА халықаралық кәсіби бухгалтер сертификаты;
международного диплома по финансовому менеджменту DipFM қаржы
менеджменті бойынша халықаралық дипломы немесе Машықтанған
Сертификацияланған бухгалтерлер қауымдастығының (АССА) сертификаты.
Бухгалтерлік салада немесе аудит саласында жұмыс өтілі 3 жылдан кем
болмауы тиіс.

Жұмыс шарттары:
Толық жұмыспен қамтылу. Толық күн. Іссапарлар болуы мүмкін.
Байланыс телефондары: 8 (7282) 32-97-20; 7su@spk-jetisu.kz; Кадр қызметі.