Несие сомасы: 5 млн теңгеден жоғары.
Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 0,01%!
Қатысушылар: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын шығаратын және өткізетін Жетісу облысының өндірушілері мен сауда объектілері
Негізгі шарттар:
Қарыз ӘМАТ сатып алуды жүзеге асыруға ақша қаражатын мақсатты пайдалана отырып, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, ақылылық шарттарында бөлінеді;
Кәсіпкерлік субъектілерінің МТБ сатуы қарыз шарттарының қолданылу мерзіміне тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның шешімі негізінде ӘМАТ-та тіркелген бағалардан аспайтын бағалар бойынша жүргізілсін;
Кәсіпкерлік субъектісі қарыз алуға өтінімді “Жетісу” ӘКК” ӨДИ” АҚ-ға береді және оны кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия айқындайды;
Қарыз мерзімі шарт жасалған сәттен бастап жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен, шарттың қолданылу мерзімінің соңында негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша бірыңғай төлеммен төлеу кезеңімен 12 айға, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету банктік кепілдік түрінде беріледі;
Мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға қарыз берілмейді.
Анықтама телефондары: 8 (7282) 32 94 97, 8 (7282) 32 97 20