Из 19 наименований СЗПТ 90% производятся в Алматинской области

12 Ноя 2021
Новости
Сюжет о реализации мер по сдерживанию цен на социально значимые продовольственные товары
Алматы облысына қажет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің 90 пайызы Жетісу жерінде өндіріледі. Бағаны өсірмеу мақсатында биыл тұрақтандыру қорына 700 млн теңге қаржы қарастырылып, 9 мың тоннаға жуық өнім сатып алынды. Сондай-ақ жергілікті тауар өндірушілерге 3 млрд теңге жеңілдетілген несие беріле бастады. Бұл Президенттің 10 ұлттық жобада айтылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік үлесін 80 пайызға жеткізу жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.
Күзгі жиын терін аяқталып, жетісулық шаруалар өнімін қоймаға жинап жатыр. Биыл өнімді өткізуде ешқандай кедергі жоқ. Тұрақтандыру қоры делдалсыз картоп, пияз, сәбіз және басқа да тауарларды сатып алып, әлеуметтік дүкен сөрелеріне арзан бағамен шығармақ.
Ескендір Жайлығұлов, шаруа қожалығының жетекшісі: 
10 гектардай сәбіз егілді. 400 тоннадай жинап алып, осы екі қоймаға толтырдым. 170 теңгеден асырмаймыз деген келісімшартымыз бар.
Сондай-ақ тауар өндірушілердің шаруасын дөңгелету үшін Жетісу әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы 0,01 пайыздық үстемемен бір жылға несие беріп жатыр. Ірі сауда орындары, қант, сүт зауыттары және жұмыртқа өндірушілермен келісімшарт жасалуда. Екеуара бекітілген баға келер жылдың күзіне дейін сақталады. Бұл жерде басымдық нан бағасына да беріліп отыр.
Альмира Ыбрайымова, «Жетісу» ӘКК АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
250 млн теңге несие бердік. Олар ол ақшаға бидай сатып алды. Бидайдан ұн жасап, ұннан әлеуметтік нан жасап, 95 теңгеден жыл бойы сатады деген сондай келісімшартқа қол қойылған.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бірінші санатына 19 түрлі тауар кіріп отыр. Президент ұлттық жобада осы тауарлардың көлемін 80 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Жоспар межесінен шығу үшін жергілікті тауарөндірушілерді қолдау жалғаса бермек.
Қуаныш Қанатұлы
Дереккөз: Qazaqstan TV
Поделиться:
Теги: Новости