«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамы (әрі қарай – Қоғам) «ЖетісуАгроСауда» ЖШС 100%  еншілес кәсіпорынымен Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, №150-құрылыс (Шығыс ы/а, Өскемен-Алматы тас жолында) мекен жайындағы объектіде бірлескен жобаны жүзеге асыруға қатысуға 2023 жылдың 26 шілдесінен 2023 жылдың 4 тамызы аралығында өтінім қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

Объектінің аумағындағы өндірістік цехта орналасқан жобаны (-ларды) жүзеге асыру үшін ұсынылатын мүлік:

1)  Көкөністерді консервілеу желісі;

2)  Макарон өнімдерін өндіру жөніндегі желі;

3)  Қаптама жабдығы;

4)  Полиэтилен пакеттерін өндіруге арналған жабдық;

5)  Наубайхана;

6)  Жылыжай, жалпы алаңы 0,5 га.

Жобаға (-ларға) қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі «Жобаларды қарастыру, іріктеу және бекіту қағидаларында» көрсетілген (№1, 2, 2.1-қосымшалар).

Алғашқы кеңес алу үшін Сіздер Талдықорған қаласы, Абылайхан к-сі, 113, 4-қабат, 401, 403-кабинет мекен жайы бойынша не 8 (7282) 32 97 20 (ішкі 226, ішкі 270) телефоны бойынша жүгіне аласыздар.