«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамы (әрі қарай – Қоғам) Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, №150-құрылыс (Шығыс ы/а, Өскемен-Алматы тас жолының бойында) мекен жайдағы объектіде бірлескен жобаны(ларды) жүзеге асыруға қатысуға 2023 жылдың 15 маусымынан 2023 жылғы 29 маусым аралығында өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.

Объектінің аумағында орналасқан өндірістік цехта жобаны(ларды) жүзеге асыру үшін ұсынылатын мүлік:

1)  Көкөністерді консервілеуге арналған желі;

2)  Макарон өнімдерін өндіру желісі;

3)  Қаптау жабдығы;

4)  Полиэтилен пакеттерін өндіретін жабдық;

5)  Наубайхана;

6)  Жалпы алаңы 0,5 га жылыжай.

Қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі төменде тіркелген Инвестициялық жобаларды қарастыру және іріктеу қағидаларында (№1-қосымша) көрсетілген.

Алғашқы кеңес алу үшін Сіз Талдықорған қаласы, Абылайхан к-сі, 113, 4-қабат, 401-кабинет мекен жайы бойынша жүгіне аласыз не 8 (7282) 32 97 20 (ішкі 226)  телефоны бойынша хабарласа аласыз.