Сипаттамасы

Өнімділік көрсеткішін арттыру, кез келген ауыл шаруашылығы саласының басты мақсаты. Бұған сапалы тұқым материалын қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Осы мақсатта 2015 жылдан бастап “Жетісу” ӘКК қант қызылшасы тұқымын өндірушілермен байланыс орнатты және 6 жыл бойы Еуропаның бірнеше жетекші өндірушілерінің, оның ішінде Флоримон Депре (Франция), Штрубе (Германия), Марибо (Дания) және ӘКК (Германия) эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады.

Сатып алынатын барлық тұқымдар селекциялық жетістіктер тізіліміне енгізілген, аудандастырылған және жергілікті агроклиматтық жағдайларға бейімделген. Себу алдында тұқымдар себу сапасын анықтау үшін бақылау талдауынан өтеді.

Қант қызылшасының орташа өнімділігі 240 ц/га-дан (2014 ж.) 400 ц/га-ға дейін (2020 ж.) өсті. Ал жекелеген шаруашылықтарда өнімділік көрсеткіштері 700 ц/га-дан асады, мемлекет тарапынан қолдаудың арқасында қант қызылшасының егістік алқаптары 2015 жылғы 4 020 гектардан 2021 жылы 16 300 гектарға дейін ұлғайды.

Алу шарттары

0

Өтінім беру

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер аудандардың және/немесе қалалардың ауыл шаруашылығы бөлімдеріне қант қызылшасының тұқымдарына өтінім береді, онда будандар, олардың саны және уландыруы көрсетілуге тиіс

0

Өтінімдерді ӘКК-ге жіберу

Аудандар мен қалалардың әкімдіктері әкімнің қолы қойылған жиынтық өтінімді ұсынады және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден жиналған барлық өтінімдерді қоса береді

0

Мемлекеттік сатып алу

Мемлекеттік сатып алу үрдісі жүргізіледі

0

Кестені бекіту

Қант қызылшасының тұқымын тарату кестесі бекітіледі

Берілуі

Алу кезінде сізде болуы керек

  • ЖШС/ШҚ басшысының жеке куәлігі;
  • ЖШС/ШҚ мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • қант қызылшасының тұқымын алу үшін ЖШС/ШҚ басшысына сенімхат (тұқым алған кезде толтырылады);
  • есеп айырысу шотының болуы туралы Банктік анықтама;
  • жер учаскесін бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысы/шешімі;
  • жер учаскесінің мемлекеттік актісі.