Ішкі нарықтағы бағаларды тұрақтандыру және нарықты азық-түлік өнімдерімен молықтыру мақсатында «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ (бұдан әрі – ӘКК) «Халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін Талдықорған қаласында 7 әлеуметтік павильон салу» бірлескен жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыруға әлеуетті серіктестерден өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.
Жоба бірлескен қызмет туралы шарт негізінде әлеуметтік павильондарды бірлескен қызмет нысанында (заңды тұлға құрмай) ұзақ мерзімге беру арқылы іске асырылады.
| Лот | Ауданы | Мақсаты / Жабдықталуы | Орналасқан жері |
| № 1 лот | 37,8 м² | Әмбебап (сөрелер) | Жұлдыз шағынауданы («Hyundai» автосалонына қарама-қарсы) |
| № 2 лот | 37,8 м² | Әмбебап (сөрелер) | Еркін ауылы (Ащыбұлақ көшесі, 48) |
| № 3 лот | 37,8 м² | Әмбебап (сөрелер) | Береке тұрғын алабы (стадионның жанында) |
| № 4 лот | 37,8 м² | Әмбебап (сөрелер) | Көктем шағынауданы, 20 |
| № 5 лот | 37,8 м² | Әмбебап (сөрелер) | Бірлік шағынауданы, № 11 үйдің жанында |
| № 6 лот | 29,4 м² | Ет өнімдері (жабдық) | Жұлдыз шағынауданы («Hyundai» автосалонына қарама-қарсы) |
| № 7 лот | 29,4 м² | Ет өнімдері (жабдық) | Уәлиханов көшесі мен Рақышев көшесінің қиылысы («Мәртебе» медициналық орталығына қарама-қарсы) |
2. Серіктес үшін бірлескен қызметтің шарттары:
2.1. Серіктестер мыналарға міндеттенеді:
3. Мүлік құнын өтеу шарттары мен кестесі (10 жыл ішінде): Серіктестер берілген мүліктің құнын, сондай-ақ жөндеу және жабдық сатып алу шығыстарын ӘКК-ге мынадай шарттармен өтеуге міндеттенеді:
№ 1–5 лоттар бойынша серіктестер үшін (5 павильон) – 10 жыл бойы ай сайын 1 000 000 теңге шегінде (әр павильон үшін 200 000 теңгеден);
№ 6–7 лоттар бойынша серіктестер үшін (2 шағын павильон) – 10 жыл бойы ай сайын 282 000 теңге шегінде (әр павильон үшін 141 000 теңгеден).
4. Қатысушыларға қойылатын талаптар және құжаттар тізбесі: Қажетті құжаттар тізбесі және қатысушыларға қойылатын талаптар (кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің, салық берешегінің болмауы, қатысушыларға қатысты банкроттық рәсімдерінің жүргізілмеуі және т.б.) ӘКК-нің жобаларды қарау және іріктеу қағидаларында көрсетілген.
5. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны:
Өтінімдер 2026 жылғы 14 қазанды қоса алғанда қабылданады.
Қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі төменде қоса берілген Инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу қағидаларында (№ 1 қосымша) көрсетілген.
Алғашқы консультация алу үшін Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, 113, 4-қабат, 412-кабинет мекенжайына немесе 8 (7282) 32 94 14 (ішкі 219) телефоны арқылы хабарласуға болады.
Қосымша: «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ-ның жобаларды қарау, іріктеу және бекіту қағидалары.