“Atameken Zhetysu” микроқаржы ұйымы Алматы облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың, микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (оның ішінде заңды тұлғалардың) қаржы ресурстарына қол жеткізуін оңайлату және төмендетілген сыйақы мөлшерлемелері бойынша микроқаржыландыруға қол жеткізуді арттыру есебінен кеңейту үшін “Жетісу” ӘКК-мен құрылды.
МҚҰ өтініш берушілерге тиімді шарттарда 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы бойынша жобалар үшін 7 жылға дейін шағын несиелер алуға мүмкіндік береді. Несиені төлеудің жеңілдікті мерзімі – 12 айға дейін, сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 6%.
Оқуды аяқтағаны туралы сертификаты бар “Бастау Бизнес” жобасының түлектері жылдық 6% – бен жеңілдетілген несие ала алады.
“Бастау Бизнес” түлегі микрокредит беруге өтінім беру үшін белгіленген нысандағы өтінішті және клиенттің сауалнамасын ұсынуы қажет. Сондай-ақ, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерлікті тіркеу туралы куәлік, өтініш берушінің жеке куәлігі, кредит тарихы, банктерде және салық органдарында берешектің жоқ екені туралы анықтамалар, кепілді қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар талап етіледі.
“Atameken Zhetysu” ШҚҰ мына мекен-жайда орналасқан: Талдықорған қаласы, Астана даңғылы 2 А, 1-қабат.