Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №322 бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласында жобаларды кредиттеу қағидаларының аясында құжаттарды қабылдау мерзімі а.ж. 15 мамырға дейін ұзартылғанын хабарлайды.
Кредиттер үміткерлерге мерзімділік, ақылы, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдаланылу қағидаларын сақтаумен АӨК саласында жаңа жобаларды құру немесе әрекет етушілерін кеңейту үшін беріледі.
Қарыз беру талаптары:
- Қарыз мерзімі – 10 (он) жылға дейін;
- Қарыздың максималды сомасы – 5 (бес) миллиард теңгеден артық емес;
- Сыйақының номиналды мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан артық емес;
- Қарыздың нысаналы бағыты – АӨК саласында жобаларды жүзеге асыру, олар төмендегідей жаңа жобаларды құруға немесе әрекет етушілерін кеңейтуге бағытталады:
1) тауарлық-сүт фермалары (қуаты 400 бастан басталатын)
2) етті бағыттағы құс фабрикалары (жылына 500 тонна ет)
3) көкөніс қоймасы (1000 тоннадан)
4) заманауи су үнемдеу технологияларын (жауын-шашынды, тамшылап суару) пайдаланатын суарылмалы жер шаруашылығы (картоп және көкөністер, жем өндірісі).
- Қарыз берушінің қарыз қаражатын және қарызды пайдаланудың жеңілдікті кезеңіндегі сыйақыны қайтару жөніндегі міндеттемелерін жабатын кепілдік қамтамасыз ету болуы тиіс. Өтімді қамтамасыз ету көлемі қарыз сомасының 70%-нан кем болмауы тиіс. Кепілге ұсынылатын мүліктің кепілдік құны өтімділік коэффициентін қолданумен анықталады.
- Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезең 24 (жиырма төрт) айдан артық болмауы тиіс.
- Қарыз қаражатынан құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыруға жол берілмейді.
Әлеуетті қарыз алушыларға қойылатын талаптар
1) құқық қабілеттілікке (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілікке (жеке тұлғалар үшін) ие болуы тиіс;
2) банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпауы тиіс;
3) ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі және (немесе) өңдеу саласында 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс;
4) кредиттер мен лизингтік міндеттемелер бойынша 90 (тоқсан) күннен артық емес мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс;
5) салық төлеушінің салықтық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмауы тиіс;
6) қаржылық тұрғыда орнықты болуы тиіс;
7) мықты жемдік базаны қалыптастыру, ауыл шаруашылық техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңы болуы тиіс;
8) мемлекеттік қолдау қаражатын (субсидияны) қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеуге бағыттау.
Жобаларды (тауарлық-сүт фермаларын, етті бағыттағы құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын құру, кеңейту және/немесе жаңарту бойынша) жүзеге асыруға арналған қосымша талаптар:
- Әрекет етуші объектілердің (кеңейту және/немесе жаңарту үшін) болуы не жаңа объектінің құрылысына қажетті инфрақұрылымы және сараптамасы алынған ЖСҚ (жаңа объектінің құрылысы, кеңейту және/немесе жаңарту кезінде қажет болған жағдайда) бар жер телімінің (тиісті нысаналы бағытымен) болуы қажет;
- ТСФ үшін – ТСФ-ны жемдік базамен қамтамасыз ету үшін (1 бас ІҚМ-ға 1 га алқап (егістік, суарылмалы) есептемесінен) ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлер болуы тиіс.
* жалға алынатын жерлер бойынша жалдаудың қалған мерзімі қарыз сомасынан аспауы тиіс.
Әлеуетті қарыз алушылар ұсынатын құжаттар тізбесі
Жауапкершілігі шеутеулі серіктестігі нысанында құрылған заңды тұлғалардың жобаларын талдау үшін қажетті құжаттар тізімі
- Қарыз алуға еркін нысандағы өтініш;
- Құрылтайшының/құрылтайшылардың жобаны жүзеге асыру мақсатындағы және/немесе жобаны жүзеге асыру үшін қарыз қаражатын тарту туралы және соттан тыс өткізуге құқық берумен қамтамасыз етуді ұсыну туралы шешімі;
- Басшының жеке басы куәлігінің көшірмесі (шетел азаматтары не азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – Көші-қон полициясы органдарында тіркелген төлқұжатының көшірмесі, не тұруға ыхтияр хатының көшірмесі);
- Өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау (сайлау) туралы шешімі;
- Өтініш берушінің бірінші басшысының лауазымға кірісуі туралы бұйрығы (лауазымға кірісу күні көрсетілген);
- Қаржыландырумен байланысты құжаттарға қол қоюға құқылы және/немесе заңды тұлғаның қаржы-шаруашылық қызметі бойынша шешімдер қабылдауға құқығы бар тұлғаларға сенімхаттар;
- Жарғының көшірмесі;
- Құрылтай шартының (болған жағдайда) көшірмесі;
- Заңды тұлға – Өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Қызмет көрсетуші банктерден өтінімді беру күніндегі жағдайға қарыздар және басқа да орындалмаған талаптар бойынша ссудалық және мерзімі кешіктірілген берешектің жоқ екені туралы анықтама;
- Қызмет көрсетуші банктерден соңғы 12 айдағы шоттар бойынша айналымдар туралы толық деректермен анықтама;
- Соңғы үш жылдағы кредиттік тарих, әрекет етуші қарыз шарттарының, кепіл шарттарының, төлем кестелерінің көшірмелері;
- Өтініш берушінің өтінім берген күннен кемінде 1 бұрынғы жағдай бойынша бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ (бар) екенін растау;
- 00 және 910.00 нысандары бойынша қосымшаларымен және салық органының соңғы 12 айда қабылданғаны туралы белгімен салықтық декларацияларының көшірмелері;
- Соңғы 3 жылдағы басқару балансы;
Баланстарға толық деректемелер:
- Кредиттік берешек (орын алған, өтелген күні, орын алу себептері);
- Дебиторлық берешек (орын алған, өтелген күні, орын алу себептері);
- Негізгі құралдар (құны, тозуы);
- Тауар-материалдық қор (қалдықтары, өнім түрлері бойынша бөлінісі).
Табыстар мен шығыстар туралы есеп (ұсынылатын әрбір балансқа қосымшада);
- Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (ұсынылатын әрбір балансқа қосымшада);
- Жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтама;
- Бизнес-жоспар;
- Тиісті қызмет түріне лицензия (лицензияланатын қызмет түрлері үшін электрондық құжат не нотариалдық куәландырылған көшірме);
- Кепілге ұсынылатын мүлікті бағалау туралы есеп (өтінім берген күннен 1 айдан артық емес мерзіммен);
- Ұсынылатын активтерге ауыртпалықтардың жоқ екені туралы анықтама;
- Ұсынылатын активтерге құқық белгілейтін, құқық куәландыратын және техникалық құжаттардың көшірмелері, оның ішінде:
- Құрылыс жүргізу болжанатын жер телімідеріне (жеке меншік құқығына/ақылы жер пайдалану құқығына акт, сатып алу-сату/жалдау шарты, жер телімін меншігіне сатып алуды/ақысын төлеп алуды, жер пайдалану құқығын растайтын құжаттар);
- Жобаны жүзеге асыру жеріндегі ғимараттар мен құрылыстар (жылжымайтын мүлікке меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар);
- Жылжымалы мүлікке (меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар);
- ЖАО-дан соңғы 3 жылдағы дақылдарды егу туралы анықтама;
- Ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы анықтама;
- Сатып алынатын жабдықтарға, ІҚМ, техникаға және т.б. коммерциялық ұсыныс (екі коммерциялық ұсыныстан кем емес);
- Жоғарыда аталған құжаттар байланысты компаниялар және қаржылық серіктес компаниялар бойынша, олар болған жағдайда ұсынылады;
- Қажет болған жағдайда, басқа да құжаттар сұратылуы мүмкін.
Шаруа және фермерлік қожалықтарының жобаларын талдау үшін қажетті құжаттар тізбесі
- Шаруа немесе фермерлік қожалықтардың барлық мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері (шетел азаматтары не азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – Көші-қон полициясы органдарында тіркелген төлқұжатының көшірмесі, не тұруға ыхтияр хатының көшірмесі);
- Шаруа қожалығын (әрі қарай – ШҚ) тіркеу туралы куәлік;
- ШҚ мүшелері туралы анықтама;
- Жоба Бастамашының (Өтініш берушінің) өтінім беру күнінен кемінде 1 ай бұрынғы жағдай бойынша бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауын (болуын) растау;
- Статистика басқармасынан соңғы 3 жылдағы егін түсімділігі және егістік жерлердің ауданы туралы 4-аш, 29-аш нысандары бойынша анықтама;
- 00 нысаны бойынша қосымшаларымен және салық органының соңғы 12 айда қабылданғаны туралы белгімен салықтық декларацияларының көшірмелері;
- Қызмет көрсетуші банктерден өтінімді беру күніндегі жағдайға қарыздар және басқа да орындалмаған талаптар бойынша ссудалық және мерзімі кешіктірілген берешектің жоқ екені туралы анықтама;
- Қызмет көрсетуші банктерден соңғы 12 айдағы шоттар бойынша айналымдар туралы толық деректермен анықтама;
- Соңғы үш жылдағы кредиттік тарих, әрекет етуші қарыз шарттарының, кепіл шарттарының, төлем кестелерінің көшірмелері;
- Жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтама;
- Бизнес-жоспар;
- Кепілге ұсынылатын мүлікті бағалау туралы есеп (өтінім берген күннен 1 айдан артық емес мерзіммен);
- Ұсынылатын активтерге ауыртпалықтардың жоқ екені туралы анықтама;
- Ұсынылатын активтерге құқық белгілейтін, құқық куәландыратын және техникалық құжаттардың көшірмелері, оның ішінде:
- құрылыс жүргізу болжанатын жер телімідеріне (жеке меншік құқығына/ақылы жер пайдалану құқығына акт, сатып алу-сату/жалдау шарты, жер телімін меншігіне сатып алуды/ақысын төлеп алуды, жер пайдалану құқығын растайтын құжаттар);
- жобаны жүзеге асыру жеріндегі ғимараттар мен құрылыстар (жылжымайтын мүлікке меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар);
- Жылжымалы мүлікке (меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар);
- ЖАО-дан соңғы 3 жылдағы дақылдарды егу туралы анықтама;
- Ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы анықтама;
- Сатып алынатын жабдықтарға, ІҚМ, техникаға және т.б. коммерциялық ұсыныс (екі коммерциялық ұсыныстан кем емес);
- Жоғарыда аталған құжаттар байланысты компаниялар және қаржылық серіктес компаниялар бойынша, олар болған жағдайда ұсынылады;
- Қажет болған жағдайда, басқа да құжаттар сұратылуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлердің жобаларын талдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі.
- Жеке кәсіпкердің (әрі қарай – ЖК) жеке куәлігінің көшірмесі;
- Жұбайының жеке куәлігінің көшірмесі, неке қию туралы куәлігі;
- ЖК тіркеу туралы куәлік;
- Жоба Бастамашының (Өтініш берушінің) өтінім беру күнінен кемінде 1 ай бұрынғы жағдай бойынша бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауын (болуын) растау;
- 00 нысаны бойынша қосымшаларымен және салық органының соңғы 12 айда қабылданғаны туралы белгімен салықтық декларацияларының көшірмелері;
- Кірістер есебін жүргізуді растайтын алғашқы құжаттама (болған жағдайда);
- Қызмет көрсетуші банктерден өтінімді беру күніндегі жағдайға қарыздар және басқа да орындалмаған талаптар бойынша ссудалық және мерзімі кешіктірілген берешектің жоқ екені туралы анықтама;
- Қызмет көрсетуші банктерден соңғы 12 айдағы шоттар бойынша айналымдар туралы толық деректермен анықтама;
- Соңғы үш жылдағы кредиттік тарих, әрекет етуші қарыз шарттарының, кепіл шарттарының, төлем кестелерінің көшірмелері;
- Бизнес-жоспар/техникалық-экономикалық негіздеме;
- Тиісті қызмет түріне лицензия (лицензияланатын қызмет түрлері үшін электрондық құжат не нотариалдық куәландырылған көшірме);
- Кепілге ұсынылатын мүлікті бағалау туралы есеп (өтінім берген күннен 1 айдан артық емес мерзіммен);
- Ұсынылатын активтерге ауыртпалықтардың жоқ екені туралы анықтама;
- Ұсынылатын активтерге құқық белгілейтін, құқық куәландыратын және техникалық құжаттардың көшірмелері, оның ішінде:
- құрылыс жүргізу болжанатын жер телімідеріне (жеке меншік құқығына/ақылы жер пайдалану құқығына акт, сатып алу-сату/жалдау шарты, жер телімін меншігіне сатып алуды/ақысын төлеп алуды, жер пайдалану құқығын растайтын құжаттар);
- жобаны жүзеге асыру жеріндегі ғимараттар мен құрылыстар (жылжымайтын мүлікке меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар);
- жылжымалы мүлікке (меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар);