Алматы облысының тауар өндірушілері мен ірі сауда желілері тікелей жеткізу туралы келісті. Бұл туралы күнбағыс майы, күріш және сиыр етін өндірушілер, ірі сауда желілері мен Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдіктері арасында жасалған меморандумға қол қою барысында белгілі болды.

“Жетісу “ӘКК “РИР” АҚ ұйымдастырған кездесуде “Жетісу “ӘКК” басқарма төрағасының орынбасары Азамат Рахимов, Қала әкімінің орынбасары Мақсат Кикимов бастаған алматылық делегация Талдықорған қаласы мен Балқаш ауданының кәсіпорындарында болып, ірі сауда желілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тікелей жеткізу туралы келісімдерге қол жеткізді.

Өнім алматылықтар мен Алматы агломерациясының тұрғындары үшін белгіленген баға бойынша қолжетімді болады. Бұл шаралар Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру болып табылады, деп атап өтті ӘКК-де.

Посещение ТОО “Жетысу МаЖиКо”

Подписание меморандума

Посещение ТОО “Динара Ранч”

“Бұдан бұрын маусым айында ӘКК ауыл шаруашылығы өндірушілерімен сауда желілерімен кездесу ұйымдастырды, оның қорытындысы бойынша сүт және сүт өнімдерін, қант, жұмыртқа және басқа да азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Біздің мақсатымыз Алматы облысының өндірушілеріне сауда желілерімен өзара іс-қимылды күшейтуге және жеткізілімдерді келісімшарт жасауға көмектесу. Бүгін сондай-ақ “Жетісу Мажико “агрокешені” ЖШС, “Динара Ranch” ЖШС, “Агрофирма Бірлік” ЖШС және “Тамшы – бұлақ” ЖШС, “Magnum Cash&Carry”, “Скиф Трейд” сияқты ірі сауда желілерінің өкілдері және өңірлер әкімдіктері арасында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды”, – деді “Жетісу “ӘКК” басқарма төрағасының орынбасары Азамат Рахимов.

Бұдан басқа, кездесулер шеңберінде тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау тетіктері, атап айтқанда, өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға тиіс айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдікті қарыздар ұсынылды.

 

“Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бұл ерекше бақылауда тұрған стратегиялық маңызды мәселе. Бүгін біз ет, май және күріш жеткізу туралы Меморандумға қол қойдық. Алдағы маусымаралық кезеңде 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың сәуіріне дейін біз 2,5 млрд теңгеге 22 мың тонна көкөніс “форвардтық” сатып алу шартын жасастық”, – деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Кикимов.

Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру мақсатында тұрақтандыру қорын қалыптастыру және кәсіпкерлік субъектілеріне, сауда кәсіпорындарына, сондай-ақ өңірдің тауар өндірушілеріне жеңілдікті қарыз беру үшін бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді. Оның орнына кәсіпкерлік субъектілері бағаны ұстап тұруға міндеттенеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және жеткізу үшін “Toimart” ірі сауда желісі, “Когер Лтд” ЖШС, “Ақсайнан” ЖШС, “Ақсукант” ЖШС, “Ляззат-2016” ЖШС және басқа да өндірушілерге жеңілдікті қарыздар берілді.