“GATE CITY” серіктес қаласының аумағында тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың “BI Group” құрылыс холдингі өкілдерімен кездесуі барысында белгілі болды, оның қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Кездесуді ашқан Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов “GATE CITY” аумағында тұрғын үй кешендерін салу жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылатынын атап өтті. Тұрғын үйлермен бірге әлеуметтік нысандар салынады.

Жоба әкімшісінің “Жетісу “ӘКК “РИР” ақ деректері бойынша, бұған дейін “Жетісу” ӘКК алаңында холдинг өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіліп, онда жер учаскелерін беру мәселелері, жобаның экономикалық және техникалық аспектілері талқыланды.

 

“Жасалған меморандум бірлескен жұмысқа ресми бастама берді. Эскиздерді жобалау, дайындау жұмыстары басталады. 100 га астам учаскеде 590 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй, үш мектеп, бірнеше балабақша, дәрігерлік амбулаториялар және басқа да объектілер салу жоспарлануда. Су қорғау белдеуінің аумағында тартылыс нүктелері – саябақтар, скверлер болады”, – деді “BI Development Almaty” бас директоры Айдос Мұқатаев.

Естеріңізге сала кетейік, Іле ауданындағы “ҮАААЖ” автожолының оңтүстігінде орналасқан “GATE CITY” серіктес қаласы инфрақұрылымы дамыған ақылды қала болуға үміткер және қаржы-іскерлік, білім беру және ғылыми медициналық орталықты, өнеркәсіптік, сауда-логистикалық хабты біріктіреді. Спутник-қаланың жалпы ауданы 134 га.