«Жетісу» Өңірлік даму институты» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған өңдеуші өнеркәсіпті дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ШОК) қолдау мақсатында шағын өнеркәсіптік аймақтар құру бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды.

Жоба жаңа өндірістік нысандар салуға, сондай-ақ бос тұрған өндірістік ғимараттарды қайта жаңғыртуға ШОК субъектілеріне жеңілдетілген несие беруін, сондай-ақ оларды жалға алудың жеңілдетілген шарттарын қарастырады.

Осыған байланысты Қоғам мүдделі ШОК субъектілерін шағын өнеркәсіптік аймақтар салу жобаларын іске асыруға және сол аймақтарда ШОК орналастыру мүмкіндігін қарастыруға шақырады. Ол үшін жоба бойынша бизнес-жоспар қоса берілген тиісті өтінімдерді ұсыну қажет.

Осы жобаға қатысу шарттары бойынша бастапқы консультация алу үшін келесі мекенжайға хабарласуыңызға болады: Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі, 113, 4 қабат, 201-кабинет.
Телефон: 8 (7282) 32 97 20 (ішкі 252).