«Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны кең ауқымды тарату үшін ауыл халқын несиелендіру» бағдарламасын іске асыруда шартқа қол қойылды.
Келісім аясында «Atameken Zhetysu» МҚҰ ӘКК-мен қатар өтінім берушілерге «Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы кеңес береді, құжаттарды қабылдауды және жинақтауды жүзеге асырады. «Atameken Zhetysu» МҚҰ кеңсесі Талдықорған қаласы, Бірлік ш/а 2А мекенжайында орналасқан. Айта кетейік, бағдарлама бойынша шағын несиелендіруге 1,6 млрд теңге бөлінді.