“Жетісу “ӘКК” ӨДИ” АҚ өз қызметін жетілдіру және жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Осылайша, Корпорация ISO 37001 сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама процестерді оңтайландыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгін “TQCSI” ЖШС жетекші аудиторы Ольга Ахметова корпорация қызметкерлері үшін бір айлық оқытуды бастады. Сарапшы жалпы ұғымдармен, стандарттардың құрылымымен таныстырып, жүйенің практикалық қолданылуымен бөлісті. Жүйені іске асыру барысында материалдық және қаржылық ысыраптарды болдырмау, бәсекелестік артықшылық алу, серіктестермен және жұртшылықпен жұмыс істеу кезінде сенімді нығайту бойынша әдістер айқындалып, ұсыныстар берілетін болады.