Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік cубъектілерінің қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру
Құжаттарды қабылдау: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалық – инновациялық даму басқармасы» ММ;
Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;
Электрондық пошта мекен-жайы: kense@almreg.kz;
Толық ақпаратты: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі 26, 3 қабат, 303 каб.; немесе байланыс телефондары арқылы білуге болады: 87786369096, 87479090902, 87472100700.;
Нысанасы: 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына және 79-4-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 28 қазандағы №773 Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 09 қарашадағы №795 дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған өтініштерді «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалық – инновациялық даму басқармасы» ММ қабылдайды.
Өтінім берілетін жер: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалық – инновациялық даму басқармасы» ММ.
Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2022 ж. «01» маусымынан бастап 2022 ж. «15» маусым аралығында.
Өтінімдерді берудің басталу күні: 2022 ж. «01» маусым.
Өтінімдерді берудің аяқталу күні 2022 ж. «15» маусым.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайтынын атап өтеміз.
Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.
Конкурстық құжаттамамен сіз мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000773/history.