Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия өңіріндегі елдерге қосымша көлік дәліздерін құруды ұсынды.

“Еуразия өңірінде қосымша көлік дәліздерін құру жөніндегі түрлі жобалар өте перспективалы болып көрінеді. Транзиттік маршруттарды әртараптандыру шындыққа айналды. “Шығыс-батыс-шығыс” желісі бойынша сауда көлемі біртіндеп артып келеді. Ең бастысы, бұл үрдіс өте тұрақты. Құрлықтық транзиттік бағыттар тек бір-бірімен ғана емес, теңіз бағыттарымен де бәсекелесетінін есте ұстаған жөн”,-деді ол Шығыс экономикалық форумы-2021 пленарлық отырысында.

Мемлекет басшысы Еуразиялық өңір елдеріне “осы саладағы үйлестіруді күшейту қажет, бұл олардың әрқайсысының ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді”, – деп қосты.

“Көлік ведомстволары басшыларының тұрақты жұмыс кездесулері өзара іс – қимылдың осындай тетігі бола алар еді”, – деді президент.