«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ басшылығының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Анас Баққожаевпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында «Жетісу» ӘКК Басқарма төрағасының орынбасарлары Альмира Ыбырайымова мен Нұрсұлтан Искенов Корпорацияның іске асырып жатқан және жоспарланған жобалары туралы, атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары, «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысы мен т.б. жайлы айтып берді. Сонымен бірге, заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру бойынша бірқатар мәселелер мен ұсыныстар айтылды.
Өз кезегінде депутат Анас Баққожаев Парламент Мәжілісінің АӨК саласында жүргізіп жатқан жұмысына тоқталып, проблемалық мәселелер мен оларды шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жеткізді.