Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыс аясында “Жетісу” Өңірлік даму институты өндірушілермен және сауда желілерімен кездесу ұйымдастырды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Magnum және Small сауда желілеріне әлеуметтік азық-түлікті әкелетін бірқатар жеткізушілер мен өндірушілер ынтымақтастыққа дайын екендерін және жеңілдетілген несиелендіруге қатысатындарын мәлімдеді. Бизнес өкілдері көрсетіліп жатқан қолдау шараларына оң баға беріп, ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Ақсу және Сарқан аудандарында кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, өндірушілермен, азық-түлік дүкендерімен, наубайханалармен әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасын ұстап тұру бойынша серіктестік туралы келісімдерге қол жеткізілді.