«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ (әрі қарай – Қоғам) төмендегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы Қоғамның қатысу үлестерін өткізу бойынша сауда өткізу туралы хабарлайды:

  1. «Жетісу-Улус.KZ» ЖШС;
  2. «Малайсары Алтын» ЖШС;
  3. «MJM-Gold» ЖШС;
  4. «Ынталы ГЭС» ЖШС.

Сауда нысаны – электрондық аукцион. Аукцион 2023 жылғы 09 тамыз сағат 11.00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізіледі. Аукционға қатысу үшін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында саудаға қатысуға өтінім беру және кепілдемелік салымды төлеу қажет. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында хабарлама тізілімнің веб-порталында жарияланған күнінен (14 шілдеден) бастап жүзеге асырылады және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Кепілдемелік салымды аударуға арналған деректемелер:

Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ; БСН: 050540004455.

Есеп-шот (IBAN/ЖСК) «Қазақстанның халық банкі» АҚ-да: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX; ТБК: 171; Кбе: 16.