Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Бүгінгі таңда Талдықорған қаласында ӘКК-нің 6 әлеуметтік сауда орны, оның ішінде 4 әлеуметтік дүкен және 2 базардағы сауда нүктесі (коммуналдық базар және «Көк базар» СО) жұмыс істейтінін еске саламыз, бұл сауда орындарында Сіз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен, яғни орта есеппен нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен сатып ала аласыз.

Мысалы, әлеуметтік дүкендердің сөрелерінде бүгінгі таңда 1 санаттағы тауық жұмыртқасы ондығы үшін 470 теңгеден аспайтын бағада (нарықтық бағасы – 512 теңге/ондығы), күнбағыс майы – 510 теңге/л (нарықтық бағасы – 652 теңге/л), 1-ші сортты ұн – 190 теңге/кг (нарықтық бағасы – 279 теңге/кг), күріш – 350 теңге/кг (нарықтық бағасы – 506 теңге/кг), картоп – 200 теңге/кг (нарықтық бағасы – 208 теңге/кг), пияз – 120 теңге/кг (нарықтық бағасы – 133 теңге/кг), сәбіз – 165 теңге/кг (нарықтық бағасы бағасы – 209 теңге/кг), тұз – 60 теңге/кг (нарықтық бағасы – 83 теңге/кг) және т.б.