«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айлары кезеңінде картоп пен сәбізге бағаны тұрақтандыру мақсатында тауар өндірушілерден, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден және көтерме жеткізушілерден (дистрибьюторлардан) коммерциялық ұсыныстар қабылдайды:

– ҚҚС, сақтау (қажет болған жағдайда), буып-түю, тиеу/түсіру,  Талдықорған қаласына дейін жеткізу бойынша шығыстарды ескере отырып, килограмына 174 теңгеден аспайтын бағамен 736 тонна көлемінде картоп;

– ҚҚС, сақтау (қажет болған жағдайда), буып-түю, тиеу/түсіру,  Талдықорған қаласына дейін жеткізу бойынша шығыстарды ескере отырып, килограмына 164 теңгеден аспайтын бағамен 169 тонна көлемінде сәбіз.

 

Өтінімдер қабылданады:

Коммерциялық ұсыныс қағаз жеткізгіште Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі, 113 мекенжайы бойынша Қоғамның кеңсесіне немесе электрондық түрде электрондық поштаға ұсынылады 7su@spk-jetisu.kz.

 

Анықтама телефоны: 8 (7282) 32 94 97, 8 (7282) 32 97 20.

 

Коммерциялық ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 16 наурызды қоса алғанға дейін жүзеге асырылады.