«Жетісу» ӘКК ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдікті шарттармен лизингке бере отырып, сервистік-дайындау орталықтарын (СДО) дамытуды жалғастыруда.

2011 жылдан бастап Жетісу және Алматы облыстарында жалпы сомасы 15 млрд теңгеге 61 СДО құрылып, 1 479 техника берілді.

2024 жылы қант бағытындағы 35 ШҚ 8 СДО-ға біріктірілді:

1) Ақсу ауданында 2 СДО

2) Сарқан ауданында 3 СДО

3) Алакөл ауданында 1 СДО

4) Көксу ауданында 1 СДО

5) Қаратал ауданында 1 СДО

Бұл сервистік орталықтарда 62 бірлік техниканы, оның ішінде 28 сепкіш, 19 комбайн, 15 сабақ жинайтын машинаны сатып алу және беру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылған СДО-ға 28 сепкіш және 21 бірлік қызылша жинау техникасы берілді. Қалғаны егін жинау жұмыстары басталғанға дейін беріледі.

Сатып алынатын техника жылдық 2,5% сыйақы мөлшерлемесімен және 2 жыл демалыс кезеңімен 10 жыл мерзімге лизингке беріледі.