Мемлекет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін тежеу үшін жасаған тетіктерінің бірі болып, азық-түлк өнімдерін сатып алу және өткізу арқылы өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру, сондай-ақ жеңілдетілген кредиттеуді ұсыну болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 жылғы 5 маусымдағы №217 бұйрығына сәйкес, «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ осы салада қызмет жүргізетін, мамандандырылған ұйым болып табылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі – ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін анықтайтын, сондай-ақ жеңілдікпен қарыз алуға өтінім берген кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін бекітетін Комиссия құрылады. Комиссияның құрамына қоғамдық ұйымдардың мүшелері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері және мемлекеттік басқармалардың қызметкерлері кіреді.
Тұрақтандыру қоры Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы №166-НҚ бұйрығымен бекітілген, 19 атаудан тұратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіндегі азық-түлік тауарларынан қалыптастырылады.
Ағымдағы күнге Жетісу облысы бойынша бағаны тұрақтандыру тетіктері бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы 9,2 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:
– тұрақтандыру қорын қалыптастыруға – 1,2 млрд. теңге (оның ішінде: ҚР Үкіметінің резервінен – 1,0 млрд. теңге; ЖБ – 180,0 млн. теңге);
– кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беруге – 8,0 млрд.теңге (ЖБ-дан 21 кәсіпкерлік субъектісіне 0,01% жеңілдікті қарыздар берілді, оның ішінде 18 тауар өндіруші және 3 сауда субъектісі) бөлінді.
Қос механизм бойынша 9,4 млрд. теңге сомасына 30,7 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізуге келісім шарттар жасалды, 8,6 мың тонна көлемінде тауар интервенциясы жүргізілді.
Ағымдағы күнге бағаны тұрақтандыру тетіктері бойынша 8,6 млрд. теңге сомасына 22,1 мың тонна көлемінде ӘМАТ 19 атауы бойынша келісімшарттар бар, оның ішінде: 668 тн күріш, 452 тн 1-сұрыпты ұн, 62 тн қарақұмық, 264 мың дана бөлке нан; 19 тн түтік кеспе; 15 123 тн қант, 568 мың литр күнбағыс майы, 233 тн сүт өнімдері, 3 130 тн картоп, 547 тн сәбіз, 417 тн пияз, 560 тн қырыққабат, 150 тн сиыр еті, 3 тн тауық еті, 4 тн ас тұзы және 4,4 млн дана жұмыртқа.
Келісімшарт жасалған тауарлар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының 7 әлеуметтік сауда нүктесінде және ірі сауда желілерінде сатылады («Смолл», «Магнум» және «Тоймарт»).
Күзгі көкөністерге келісімшарт жасау туралы
2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың мамырына дейінгі кезеңде тауарлардың көкөніс тобына бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған көлемдер шегінде 4 597 тонна көкөніске келісімшарт жасады:
– картоп 3 100 тн, 120 тг/кг артық емес;
– сәбіз 537 тн, 140 тг/кг артық емес;
– пияз – 400 тн, 86 тг/кг артық емес;
– қырыққабат 560 тн, 150 тг/кг артық емес.
Келісімшартталған көлемнің бір бөлігі ӘКК көкөніс қоймасында ұзақ мерзімді сақтауға салынатын болады.