“Бастау Бизнес” кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту жобасының түлектері “Atameken Zhetysu”микроқаржы ұйымы арқылы шағын несие ала алады.
“Atameken Zhetysu” микроқаржы ұйымын “Жетісу “ӘКК” Өңірлік даму институты Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың, микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (оның ішінде заңды тұлғалардың) микроқаржыландыруға төмендетілген сыйақы мөлшерлемесімен қолжетімділікті жеңілдету және арттыру есебінен қаржы ресурстарына қолжетімділігін кеңейту үшін құрды.
Оқуды аяқтағаны туралы сертификаты бар “Бастау Бизнес” жобасының түлектері жылдық 6% – бен жеңілдетілген несие ала алады.
Несиелендірудің негізгі талаптары:
Өтінім беру және кеңес алу үшін сіздің ауданыңыздың/қалаңыздың кәсіпкерлер палатасының филиалына жүгіну қажет. “Atameken Zhetysu” ШҚҰ мына мекенжайда орналасқан: Талдықорған қаласы, Астана даңғылы 2 А, 1-қабат. Тел.: 8 (7282) 402 558.