«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру тәртібі:
Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алу үшін жобаларды іріктеудің негізгі критерийлері
дара кәсіпкерлер үшін/заңды тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған Ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеудің болуы;
жаңа, бұрын пайдаланылмаған техниканы, жабдықты сатып алу.
Микрокредиттер келесі мақсаттарға берілмейді:
Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда сенім білдірілген өкіл (агент) қайтару себептерін көрсете отырып, микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады.
Микрокредиттің ең жоғары сомасы | 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін |
Микрокредитті өтеу әдісі | Сараланған (негізгі борышты тең үлестермен өтеумен)/ аннуитеттік (тең төлемдермен өтеумен)/ икемді кесте ұсыну |
Сыйақы мөлшерлемесі | Жылдық 2,5 (екі бүтін оннан бес) % |
Микрокредит мерзімі | 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін |
Негізгі борышты өтеу тәртібі | кредиттеу мерзімі ішінде ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен ай сайын/тоқсан сайын/жарты жылда 1 (бір) рет/жылына 1 (бір) рет |
Сыйақыны өтеу тәртібі | нақты пайдаланылған кезең үшін кредиттеу мерзімі ішінде есептелген сыйақыны өтеу мүмкіндігімен ай сайын/тоқсан сайын/жарты жылда 1 (бір) рет |
Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең | микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды |
Жеткізушілермен есеп айырысу тәртібі | Жеткізушілермен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысаны |
№ | Құжаттың атауы | Құжат түрі | Ескерту |
1 | Сенім білдірілген өкілдің (агенттің)ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес микрокредит алуға өтініш – сауалнама | түпнұсқа / электрондық құжат | |
2 | – Жоба бастамашысының жеке басын куәландыратын құжат – Неке туралы куәлік, жұбайының жеке куәлігі – EGOV кабинетінен алынған жеке деректер | құжаттың көшірмесі/электрондық көшірмесі / мемлекеттік деректер базасынан алынған электрондық форматтағы мәліметтер | |
3 | Кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге, сондай-ақ кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі Қарыз алушы, жұбайы, кепіл беруші | түпнұсқа / электрондық құжат | |
4 | Субъектінің берілген микрокредит туралы ақпаратты, мәліметтерді және Мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау /орындамау туралы барлық мәліметтерді беруге және алуға келісімі Қарыз алушы, жұбайы, кепіл беруші | түпнұсқа / электрондық құжат | |
5 | Кепіл берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және сенім білдірілген өкілдің (агенттің)ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген мүлікті кепілге беру жөніндегі келісімі | түпнұсқа | микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі |
6 | Шоттың болуы және кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы (кредиттер болған кезде) қызмет көрсететін банктен анықтамалар | түпнұсқа | микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі |
7 | Бағалау туралы есеп | түпнұсқа / электрондық құжат | |
8 | Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар: – кепіл берушінің жеке куәлігі, жұбайының жеке куәлігі, некені тіркеу туралы куәлік, EGOV кабинетінен алынған жеке деректер; – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы EGOV анықтамасы; – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы EGOV анықтамасымен салыстырылған кепілмен қамтамасыз етуге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері | мемлекеттік деректер базасынан көшірме / электрондық мәліметтер | құжаттардың көшірмелері түпнұсқамен салыстырылады |
9 | Негізгі құралдарды сатып алу кезінде (а/ш, арнайы сатып алу. техника, аспалы, тіркемелі, технологиялық жабдықтар) – спецификациясы бар жеткізуге арналған келісімшарттар/шарттар / коммерциялық ұсыныстар | түпнұсқа / электрондық құжат | |
10 | Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы EGOV анықтамасымен бизнесті өткізу орнына құқық белгілейтін құжаттарды ұсыну. Жалдау / бірлескен қызмет шарты қажет болған жағдайда (құрылыстарды заңдастыру болмаған жағдайда жүргізілген өлшеулермен схемалар ұсынылсын. Жергілікті атқарушы органнан заңдастырылмаған құрылыстың бар екендігі туралы растау арқылы) | құжаттың көшірмесі/электрондық көшірмесі / мемлекеттік деректер базасынан алынған электрондық форматтағы мәліметтер | |
11 | EGOV/ БЖЗҚ анықтамасы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) соңғы 12 айдағы зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысын ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат | түпнұсқа / электрондық құжат | |
12 | Есепке алу Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама | түпнұсқа / электрондық құжат | |
13 | Өтініш берушінің/Қарыз алушының ШҚ/ЖК ретінде заңды мәртебесін растайтын құжаттар (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/анықтама) ) | құжаттың көшірмесі/электрондық көшірмесі / мемлекеттік деректер базасынан алынған электрондық форматтағы мәліметтер | жеке кәсіпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтары үшін |