Бүгін «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ өкілдері 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, 2024 жылға арналған жоспарлармен бөлісті. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ұйымдастырылған брифингке корпорацияның Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Альмира Ибраимова, Корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасарлары Нұрсұлтан Искенов және Асылан Шайхазимов қатысты.
Спикерлер әлеуметтік маңызды азық-түліктер бағасын тұрақтандыру, «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау бойынша қабылданған шаралары мен нәтижелерін баяндап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.