БАҒДАРЛАМА БАҒЫТТАРЫ

  • Өсімдік шаруашылығы үшін ЖҚШ пайдалану.
  • Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығына арналған ЖҚШ пайдалану.
  • Елді мекендерден тыс жерлердегі жер ресурстарын пайдалану.
  • Кооперативтер құру және жинақтау.
  • Жеке кәсіпкерлікті (өндіріс және қайта өңдеу), сатып алу-сату және жалға беру қызметтерін қоспағандағы қызметтерді дамыту.

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ

  • ЖК (зейнеткерлік жасқа толмағандар);
  • Кооперативтер (кемінде 3 қатысушысы бар).

ҚАРЫЗ АЛУШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН КРИТЕРИЙЛЕР:

  • ҚР салық заңнамасына сәйкес, кәсіпкерлер салық органдарында тіркелуі тиіс (қызметті жүзеге асыру орны бойынша кемінде 12 ай)
  • Оң несие тарихы
  • Қарыз алушының жасы зейнеткерлік жастан аспауы тиіс
  • Қызметтің сипатына байланысты қажетті инфрақұрылымның болуы.
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕРЗІМІАуыл шаруашылығына жатпайтын жобаларға – 60 айға дейін; Мал шаруашылығы саласындағы жобаларға – 84 айға дейін;
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ СТАВКАСЫжылдық 2,5%
НЕГІЗГІ БОРЫШТЫ ӨТЕУ ШАРТТАРЫАй сайын / тоқсан сайын / жылына 1 рет – өтеу кестесіне сәйкес
ПАЙЫЗДАРДЫ ӨТЕУ ШАРТТАРЫАй сайын / тоқсан сайын / жылына 1 рет – өтеу кестесіне сәйкес
НЕГІЗГІ БОРЫШТЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКТІ КЕЗЕҢ12 айға дейін
КЕПІЛДІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРТТАРЫ100% қамтамасыз ету
ҚАРЫЗДЫҢ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ СОМАСЫЖК үшін – 2500 АЕК-ке дейін (2026 жылы 10 812 500 теңгеге дейін) Кооперативтер үшін – 8000 АЕК-ке дейін (2026 жылы 34 600 000 теңгеге дейін).
КРЕДИТТІК ҚАРАЖАТТЫ МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САНКЦИЯЛАРЫМақсатсыз пайдаланылған соманың 25%-ы, қаражатты мерзімінен бұрын қайтару.

ӨТІНІМ БЕРУ ТӘСІЛІ

Құрметті «Ауыл аманаты» бағдарламасына әлеуетті қатысушылар!

2026 жылдан бастап «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға өтінім беру процесі «Ауыл аманаты» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде жүзеге асырылады. Тиісті сілтемені пайдалануыңызды сұраймыз:

Жеке тұлғалар үшін (жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар), ісін жаңадан бастаған және қолданыстағы кәсіпкерлер үшін: https://amanatnesie.kz/

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кооперативтері (АШТК) үшінhttps://amanatnesie.kz/#/cooperative

 Өтінім беру үшін Сізге :

•Интернетке қолжетімділік.

•ЭЦҚ кілттері (электрондық цифрлық қолтаңба) қажет.

Сізге ыңғайлы болу үшін өтінім беру бойынша нұсқаулықтар қоса берілді:

Жеке тұлғалар үшін (жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар), ісін жаңадан бастаған және белсенді

   кәсіпкерлер үшін.        

Инструкция для участника программы «Ауыл аманаты» (заемщика)

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кооперативтері (АШТК) үшін.  

Инструкция по подаче заявок от сельскохозяйственных производственных кооперативов

   Қажетті құжаттар тізімі

Жеке тұлғалар үшін (жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар), ісін жаңадан бастаған және қолданыстағы кәсіпкерлер үшін нұсқаулық.

https://cloud.mail.ru/public/6Uj8/P9HFFgA2E

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кооперативтері (АШТК) үшін.  

https://cloud.mail.ru/public/RdUc/HCPRG8C6x

Сауалнама

https://cloud.mail.ru/public/aaUW/L9EUVRpS6

* Қажет болған жағдайда «Жетісу» ӘКК» РИО» АҚ өтінішті қарау үшін қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.