Біз туралы

Елімізде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру идеясын Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Дамыған мемлекеттердің аналогы бойынша бірқатар мемлекеттік активтерді біріктіретін және жергілікті жерде бизнес-бастамаларды дамытуға бағытталған компаниялар іске қосылды.

«Жетісу» ӘКК жалғыз акционері Алматы облысының әкімдігі болып табылады.
«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ құрылтайшысы Алматы облысының әкімдігінің атынан «Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ болып табылады.

akimat

Корпорация қызметінің басты қағидалары – тиімділік, бәсекеге қабілеттілік, инвестициялық тартымдылық, акционерлер мен әріптестердің мүдделерін тең сақтау.

 

Қызметтің маңызды бағыттары - инновациялық, өндірістік және өңдеуші кәсіпорындарға инвестициялау, венчурлық стартаптарды қаржыландыру. Сайт корпорацияның қызметі, біздің іскерлік әріптестер, жобалар мен әлеуметтік бағыттар туралы шынайы және дәл ақпараттарды ұсынады.