Алматы облысында ауыл шаруашылығы жағдайын талдау жылыжай бизнесін дамытудың тиімділігін көрсетті. 2026 жылға дейін 45 гектар жерге 10 ірі жылыжай шаруашылығын іске қосу жоспарлануда, олардың жалпы өндірістік қуаты 25 мың тоннаны құрайды. Бұл көкөністердің жалпы өндірісін 2 есеге арттыруға, 500-ден астам жұмыс орнын құруға, көкөністерді жыл бойы өндірісіне көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Талдықорғанда өткен брифинг барысында айтты.
Ауыл шаруашылығында жалпы өнім өндірісінің көлемі бойынша Алматы облысы көш бастап – 1 орында тұр немесе жалпы республикалық деңгейінде 14% құрап отыр. Облыс әкімі өңірдегі аграрлық саланы талдау мұнда жылыжай бизнесін дамытудың тиімділігін көрсеткенін атап өтті. Жылыжайлардағы өнімділік көкөністерді ашық жерде өсірумен салыстырғанда 7 есе жоғары, сонымен қатар маусым аралығында халықты көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және бағаның тұрақтануына әсер етеді. Бүгінгі күні облыста 105,5 га жерде 102 жылыжай бар, оларда 36 мың тонна ерте пісетін көкөністер өсіріледі.
– 2026 жылға дейін 45 гектар жерге 10 ірі жылыжай шаруашылығын іске қосу жоспарлануда, олардың жалпы өндірістік қуаты 25 мың тоннаны құрайды. Бұл көкөністердің жалпы өндірісін 2 есеге арттыруға, 500-ден астам жұмыс орнын құруға, көкөністерді жыл бойы өндіруге көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл үшін жеңілдікпен кредит беру, газдың құнын 50%-ына дейін субсидиялау, көтерме-тарату орталықтарын тарту және көкөністерге арналған форвардтық сатып алуды кеңейту шаралары қабылданатын болады, – деді Қанат Бозымбаев.
Спикердің сөзіне сүйенсек, облыстағы тағы бір басымдық құс етін өндіруге беріледі, ол республика нарығы көлемінің 32%-ын, яғни 108,3 мың тоннаны құрап отыр. Қазір құс еті бойынша облыс және Алматы қаласы тұрғындарының қажеттіліктері толығымен жабылады. Импортты толық алмастыру үшін өнім шығаруды 2 есеге арттыру міндеті қойылып отыр. Осы мақсатта жалпы қуаты жылына 76 мың тонна, инвестиция көлемі 85 млрд.теңге болатын, екі құс фабрикасын – құрылысы және бір құс фабрикасын кеңейтілуі (“Прима құс”, “Кәусар-Агро”, “OTAN GreenFood”) жоспарлануда, 1100-ден астам жұмыс орны құрылады.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.