«Жетісу» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Өңірлік даму институты» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Жетісу облысының аумағында «4 жұлдызды» санаттағы қонақүй кешенін салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруға инвесторларды ынтымақтастыққа шақырады.
Жоба өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытуға, туристік қызметтердің сапасын арттыруға және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи қонақүй нысанын құруға бағытталған.
Инвесторлардың қатысуының әртүрлі форматтары, оның ішінде тікелей инвестициялау, жобаны бірлесіп іске асыру және серіктестіктің өзге де нысандары қарастырылады. Аталған жобаға қатысу шарттары бойынша бастапқы консультация алу үшін келесі мекенжай бойынша хабарласуыңызға болады: Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, 113, немесе 8 (7282) 32 97 20 (ішкі 220) телефоны арқылы.